Партиялық бақылау комиссиясының жаңа төрағасы таныстырылды
Партиялық бақылау комиссиясының жаңа төрағасы таныстырылды
фото: ашық дереккөз
«Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу туралы Ережесіне сәйкес, праймериздің өткізілуін бақылауды Партиялық бақылау комитеті, өңірлік және аумақтық партиялық бақылау комиссиялары жүзеге асырады. Осы мақсатта Қызылорда облыстық партия филиалының ұйымдастыруымен өңірлік және аумақтық Партиялық бақылау комиссияларының мүшелеріне праймериз кезеңінде атқарылатын жұмыстардың алгоритмі түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды. Аталған семинарға ZOOM бағдарламасы арқылы аумақтық партиялық бақылау комиссияларының төрағалары мен барлық мүшелері қатысып, негізгі мендеттерді жан-жақты талқылады. Жиын барысында облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов облыстық Партиялық бақылау комиссиясының жаңа төрағасын таныстырды. Бұл қызметке партияның Орталық аппараты және облыстық партия филиалы Саяси Кеңесі бюросының келісімімен облыстық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, «Жан - Арай» ЖШС-нің директоры Махашов Бағдәулет Еркінбекұлы тағайындалды. Семинар соңында атқарылатын жұмыстардың алгоритмі кітапша түрінде дайындалып семинарға қатысушыларға таратылды.    width=