Ақан Сатаев "Қазақфильмдегі" өрт туралы: Әдейі жасалды
Ақан Сатаев "Қазақфильмдегі" өрт туралы: Әдейі жасалды
фото: ашық дереккөз
"Қазақфильм" студиясындағы "өрттің әдейі жасалғаны анық". Бұл туралы "Қазақфильм" АҚ президенті Ақан Сатаев айтты. "Мен өкінішке қарай жанып кеткен  "Қазақ хандығы" кинокартинасының декорациясының ортасында тұрмын. Өртенген екінші нысан осы жерден 200 метр қашықта орналасқан. Өрттің әдейі жасалғаны анық. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі жағдайдың шығыны аса көп емес. Біз осыны жасаған қылмыскерлерді табамыз деген үміттемін", - деді Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында. https://www.instagram.com/p/CD5e_G7nluK/?utm_source=ig_web_copy_link
Еске салайық, 14 тамыз күні Алматыдағы "Қазақфильм" студиясында ірі өрт болды.