Бүгін «Қайрат» пен «Пахтакор» клубтары кездесіп, ойын көрігін қыздырмақ Алматыда бүгін, яғни 7 қыркүйек күні «Қайрат» футбол клубының 65 жылдығына арналған ерекше шара өтпек. Орталық стадионда аңызға айналған «Қайрат» пен «Пахтакор» клубтары кездесіп, ойын көрігін қыздырмақ. Әрине, матчқа сонау жылдары ел көңілін серпілткен аңыз ойыншылар қатысады. Аталған кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде таратады. Матч 20:40-та басталмақ. Ал кездесуді аңызға айналған комментатор Диас Омаров жүргізсе, қазақ тілінде онымен бірге Есей Жеңісұлы жұп құрайды. Еске салсақ, Диас Омаров сонау кеңес дәуірінен бері эфирге шыққан тәжірибелі комментатор. Диас Ілиясұлы футболшы ретінде «Қайрат» сапында да ойнаған. Кейін, карьерасын аяқтап 1966 жылдан бастап комментаторлық жұмысқа кіріседі. Одан кейін «Хабар» арнасында ұзақ жылдар қызмет атқарды. Республикалық басылымдарда түрлі мақалалары жарияланып тұрады.