МакГрегорды жеңгеннен кейін алғаш рет: Хабиб октагонға шығар алдында қарсыласпен кездесті (видео)
МакГрегорды жеңгеннен кейін алғаш рет: Хабиб октагонға шығар алдында қарсыласпен кездесті (видео)

Қос спортшының да салмағы 70,3 келіні құрады

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмагомедов пен америкалық Дастин Порье бүгін болатын жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді.

Еске салсақ, Хабиб октагонда осыған дейін 27 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, Дастин 25 кездесудің бесеуінде жеңіліс тапқан. Олардың жекпе-жегі Біріккен Араб Әмірліктерінде UFC 242 турнирі аясында өткізілмек.

Қос спортшының да салмағы 70,3 келіні құрады. Осы кездесу үшін ресейлік спортшы 6 миллион доллар алады. Бұл оның Конор МакГрегормен болған кездесудегі сыйақысынан 3 есе көп.

Еске салсақ, Дастин Порье осыған дейінгі төрт кездесуінде екі экс-чемпионды (Эдди Альварес, Энтони Петтис) және UFC-дің қазіргі чемпионын (Макс Холлоуэй) жеңген еді.

Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады. Ал турнирдің басты жекпе-жегі түнгі 02:00 шамасында басталуы тиіс. Кездесу бойынша тікелей эфир ресейлік арналар арқылы қолжетімді болмақ. Setanta Sports және "Первый канал" телеарналары кездесуді тікелей эфирде таратады.

https://youtu.be/tKRImMvzBLE