Оңтүстік Кореяда сұрапыл тайфун: 200-ден аса рейс тоқтады
Оңтүстік Кореяда сұрапыл тайфун: 200-ден аса рейс тоқтады
127
оқылды

Оңтүстік Кореяға бүгін таңертең «Линлинг» сұрапыл тайфуны келді, толассыз нөсер жауып, дауыл соғып жатыр, –деп хабарлайды Yonhap агенттігі.

Әлемдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, желдің екпіні секундына 39 метрге жеткен немесе 140 км/сағ болып отыр. Қатты желге байланысты 230 рейс тоқтатылып, кейінге қалдырылды. Әуежай әкімшілігі хабарлағандай, Сеулдегі Инчхон халықаралық әуежайына келіп қонатын немесе ұшатын 150 халықаралық рейс, елдің Чеджу курортты аралында 120 рейс тоқтатылған.

Табиғи апатқа байланысты Оңтүстік Кореяда бірнеше ескерту жарияланып отыр. Себебі, тайфун Сеулге түсте келеді деп күтілуде. Корея метеорологиялық қауымдастығының дерегіне сәйкес, тайфун солтүстікке қарай жылжып, сол күні Солтүстік Кореяға жетуі мүмкін.