«Astana Marathon – 2019»: 42,2 шақырымды бағындырған желаяқтар
«Astana Marathon – 2019»: 42,2 шақырымды бағындырған желаяқтар
123
оқылды

24 елден 5 мыңнан астам адам қатысқан «Astana Marathon – 2019» халықаралық марафоны өз мәресіне жетті.

Биыл жарысқа Аустралия, Аустрия, Бельгия, Қытай, Колумбия, Эстония, Франция, Германия, Гонконг, Үндістан, Италия, Кения, Жаңа Зеландия, Нигерия, Филиппин, Польша, Румыния, Ресей, Оңтүстік Корея, Испания, Түркия, Украина, БАӘ, Эфиопия, Ұлыбритания, АҚШ, Өзбекстан, сондай-ақ еліміздің 38 қаласынан желаяқ қатысты.

Сонымен ерлер арасында 42,2 шақырымдық айтулы бәсекенің жеңімпазы ɵзбекстандық желаяқ Зiкiролла Мамагулов атанды. Оның көрсеткіші 2 сағат 26 минут 10 секунд.

Екінші болып мәре сызығын 2 сағат 26 минут 53 секундта Владислав Мамедов кесті. Үздік үштік төрінен Олег Байтуканов көрінді. Оның нәтижесі 2 сағат 28 минут 3 секунд.

«Нұр-Сұлтан қаласына бiрiншi рет келiп отырмын. Əлемдiк деңгейде марафон ɵтедi деген соң бағымды сынайын деп Ташкенттен арнайы келдім. Жүгiру спортымен айналысқаныма бiраз уақыт болды. Бiрақ 1-орын аламын деп ойлаған жоқпын. 35 шақырымға дейiн жеңiл жүгiрiп, қалған 7,2 шақырымда бар күшiмдi салдым», – дейдi ерлер арасында марафон жеңімпазы атанған өзбекстандық Зiкiролла Мамагулов.

Ал, әйелдер арасында 2 сағат 28 минут 42 секундта жеткен қырғызстандық Юля Андреева жеңімпаз атанды. Екінші болып жерлесіміз Гүлжанат Жанатбек келді, оның нәтижесі 2 сағат 33 минут 25 секунд. Тиісінше үшінші орынға 2 сағат 45 минут 41 секундпен Екатерина Сундукова тұрақтады

42,2 шақырымдық жүгіру марафонын межелеген жеңімпаздарға ақшалай сыйақы берілді. Атап айтқанда 1-орын иесіне 1 млн теңге, 2-орынға 500 мың теңге және 3-орынға 250 мың теңгенiң сертификаты табыс етілді.