Алматы: прокурор мен полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді
Алматы: прокурор мен полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді
фото: ашық дереккөз
Алматыда полиция қызметкерлері мен прокурор пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. "2020 жылдың 15 тамызында Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен прокуратураның ішкі қауіпсіздік бойынша қызметкерлері бірлесіп, Алматы қаласы ПД Алмалы ауданы ӘПБ ПБ инспекторы мен осы ауданның прокуратура бөлімінің прокуроры азамат Б.-ны әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін 200 000 теңге сомасында заңсыз ақша алғаны үшін үсталды", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.