Әлемде қандай қызық мамандықтар бар?
Әлемде қандай қызық мамандықтар бар?
© Жұмабек Айқынұлы
1,132
оқылды
Өркениет пен технологияның дамуы күн сайын әлемде 70 мың жаңа жұмыс түрінің пайда болуына ықпал етеді. Оның ішінде кұлақ естіп, көз көрмеген мамандықтар да бар. құлақ тазалаушы мамандық Құлақ тазалаушы Бұл мамандық Азия елдерінде оның ішінде Қытайда кең тараған. Үндістанда да кездеседі. Қытайлықтар үшін сатушылар сияқты құлақ тазалаушылар да кәдімгі мамандық иесі. Маман иелерінің айтуынша, құлақты тазарту дененің жалпы сауығуына ықпал етеді. Олар бұл қызметті далада тұрып істей береді екен. Мамандық Құлап кеткен пингвиндерді орнынан тұрғызады Антарктидада пингвиндер ұшақтардың көтерілгенін және қонғанын тамашалауды жақсы көреді. Олар басын жоғары көтеруін көтеріп, қайтып қалпына келетін кезде құлап қалады екен. Пингвиндер өздігінен орнынан тұра алмайды. Оларға көмектесетін арнайы мамандар бар. Бұл әлемдегі ең ерекше әрі сирек кездесетін  мамандық.  Екі-ақ адам жұмыс істейді.  Жатын орын жылытушы Адамдардың жатын орындарын жылытып қоятын мамандар алғаш рет  Лондон және Манчестердегі Holiday Inn қонақ үй желілерінде пайда болды. Мұндай ерекше заманауи кәсіптің пайда болуына Эдинбург ұйқы зерттеу орталығы себепші екен. Олар «суық төсек жақсы ұйқыға кедергі келтіреді, ал жылы төсек толық демалуға ықпал етеді» деп тұжырым жасаған. Ұйықтайтын орындардың жайлылығын тексеретін мамандарға деген қажеттілік бұрыннан бар. 2013 жылы Хельсинкидегі Finn қонақ үйі осындай лауазымға ресми түрде жарнама беріп, адам іздепті. Ал 2010 жылы қытайлық Qunar компаниясы ұйықтайтын орындардың жайлылығын тексеретін кәсіби маман Соня деген қызды қызметке алған. көз жасы - мамандықКөз жасын сатушы Азияның кейбір елдері өздерінің эмоцияларын ұстап, дәстүрлерге құрмет көрсетуге дағдыланған. Мысалы, жерлеу рәсімінде марқұмның туыстары жыламайды, ол үшін арнайы дайындалған «көз жасын сатушылар» жалданады екен. Мысалы, қытайлық Джин Гуйхуаның тек орта білімі ғана бар, бірақ 20 жылдан астам уақыт бойы жерлеу рәсімдерінде жылау арқылы табыс тауып жүр. Бір жерлеу үшін алатын ақысы шамамен 120 юань. Мал азығының дегустаторы Әлемдегі ерекше мамандықтардың бірі итке, мысыққа арналған, зауыттардан жаңа шыққан өнімдерді жеп көріп, бағасын беретін дегустатор. Олар тағамның тәбеті мен дәмін бақылау өте маңызды дейді. Мұндай мамандар жылына 30 000-75 000 АҚШ доллар көлемінде ақша табады екен. Зәйтүн майын қорғайды Италиядағы полиция бөлімшелерінде зәйтүн майының сапасына қатысты арнайы бөлім бар. Ондағы қызметкерлер майдың дәмін татып, оның таза я болмаса таза емес екеніне қарап үкім шығарады. Егер май нашар болса, саудадан алынады. Сөйтіп, зәйтүн майының отаны саналатын Италияның имиджін полиция қызметкерлері қорғайды. Иіс танушы Иіс танушы мамандар дезодорант шығаратын зауыттарда жұмыс істейді. Олар экспериментке қатысушылардың қолтықтарына дезодорант жағып, күні бойы иістің қалай өзгеретінін бақылайды. Бұл жұмысқа екінің бірін ала бермейді. Жасы елуден асқан темекі шекпейтін әйелдерді қабылдайды. Су аттракциондарын сынаушы Аквапарктерге бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар келеді. Әсіресе жазы алты айға созылатын елдерде және курорттық қалаларда тиімді бизнес. Әлбетте маусым кезінде су аттракциондарын сынаушы мамандар сұраныста. Бұл салада бәсекелестік жоғары екен. Негізгі талап сырғанау кезіндегі күйді, әсерді сипаттап беру.  Студент Себ Смит аквапарк сынаушысы ретінде алты айға $ 31,000 жалақымен келісімшартқа отырды. Ол Түркия, Египет, Испанияның аттракциондарында сырғанап, әлеуметтік желілерде алған әсерімен бөлісті. Мамандық лифтер Лифтердың қызметі Португалияның астанасы Лиссабон қаласы таулы қыраттардан тұрады. Сондықтан қоғамдық көлік ретінде лифт қолданылады. Бұл қалада бірнеше лифті болса, ішінде ғасыр жасағандары да бар. Лифт билетін бір рет сатып алуға я болмаса жолаушылардың жол жүру билетін қолдануға болады.  Бізге белгілі кондуктор сияқты оларда лифтер жұмыс істейді. Оның жұмыс уақыты таңғы 5-тен түскі 1-ге дейін. Айлығы 1000 еуро.  Қызметі − лифтінің қажетті нүктесін басу, есіктің дұрыс жабылғанына көз жеткізу.

Ақпарт ашық дереккөзден алынды, Еркежан АЙТҚАЗЫ.