Қазақстанға ПТР тестілеусіз кімдер кіре алады?
Қазақстанға ПТР тестілеусіз кімдер кіре алады?
фото: ашық дереккөз
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысында Қазақстанға ПТР тесілеусіз кімге кіруге болатыны жазылған, - деп хабарлайды   Халықаралық әуе рейстерімен келетін жолаушыларға қатысты елдердің үш санаты және шектеулер қарастырылған: Бірінші санатқа: ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия,Үндістан, Германия Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланд, Ресей. Бұл ердерден келген адамдар термометрия және сауалнамадан өтуі тиіс. Екінші санатқа: Польша, Өзбекстан, Тәжікстан және Үшінші санаттағы елдерден жүйелі емес рейстер (эвакуациялық және чартерлік). Бұл елден келген жолаушылар термометриядан және сауалнамадан өтуі тиіс, ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) болған кезде, анықтаманы алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен жағдайда - шектеусіз. Анықтама болмаған жағдайда - келген күнінен бастап (шетел азаматтары үшін) 48 сағаттың ішінде келген жері бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) тұрғылықты жері бойынша ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру, оның өту міндеттілігі туралы хабарлама немесе 14 күнге үй карантині қарастырылған. Үшінші санатқа бірінші және екінші санаттағы елдерді қоспағанда барлық ел кіреді. Жүйелі авиарейстерге тыйым салынған.