Елордада орталық саябақта Спорт күнінде "Мәскеудегі XXII Олимпиадада Қазақ КСР спортшыларының жеткен жетістіктері" көрмесі ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
1980 жылғы Олимпиада ойындарының қырық жылдығына орайластырылған көрмені Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Қазақстандағы Ресей елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі мен Sputnik Қазақстан ұйымдастырды.
Карантинге байланысты көрменің ашылуы жұмыс режимінде өтті, салтанатты іс-шара болған жоқ.
"Біз бұл көрмені Қазақстан астанасында кездейсоқ өткізіп отырған жоқпыз. Ортақ тарихымызды, оның ішінде спорттық жетістіктерді естен шығармауымыз керек деп есептейміз, - деді Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің жетекшісі Алексей Коропченко.
1980 жылғы Олимпиададағы Жақсылық Үшкемпіров, Сергей Котенко, Виктор Мазин, Владимир Муравьев, Надежда Ольхова, Шәміл Серіков, басқа да қазақстандық спортшылардың жетістіктері тарихта қалды.
1980 жылы КСРО құрамасынада 20 қазақстандық спортшы болды, олар тоғыз спорт түрінен бақ сынады. Қазақстандықтар дүбірлі додада он алты медаль жеңіп алды.