Дариға Назарбаева ұлының қазасына байланысты үндеу жариялады
Дариға Назарбаева ұлының қазасына байланысты үндеу жариялады
305
оқылды
16 тамыз күні көз жұмған Айсұлтан Назарбаевтың анасы Дариға Назарбаева Қазақстан халқына үндеу жолдады. "Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз". Естеріңізге сала кетейік, Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды. Ол Сандхурстегі Британдық Корольдік әскери академияны тәмамдаған (2009-2010 жж.) және  КИМЭП Университетінің «бизнес әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистрі дәрежесін алған. Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің Бас барлау басқармасында қызмет еткен. Бірнеше  қазақстандық және шетелдік футбол клубтарында, соның ішінде «Портсмут» жастар командасында ойнады. Қазақстан футбол федерациясының ФИФА, УЕФА және ұлттық қауымдастықтармен байланыстар жөніндегі вице-президенті болды.