Ақмола, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ақмола, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Интернеттен алынды
5,130
оқылды
Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, дауыл, бұршақ жауады. Тек оңтүстік және батыста ауа райы көбінесе жауын шашынсыз болады. Республиканың батысында шаңды дауыл, республиканың солтүстігінде және орталық аймақтарында тұман күтіледі. Ақмола, Түркістан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауады. Қарағанды, Қостанай облыстарында тұман болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл, Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Павлодарда облысындың кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде тұман болады. Алматы облысында күндіз қатты ыстық болжанады. Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.