Қазір коронавирус инфекциясынан 20 194 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында – 109-ы бала. Ал стационарларда 3457 науқас жатыр. 16 737 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Науқастардың арасында 404-нің ахуалы нашар. Соның 106-сы өте ауыр халде. Ал 79-ы өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл елміздің бүгінгі күнгі ахуалы.17 тамыздан бастап елде карантин талабы жеңілдетіліп, жабық болған нысандар кезең-кезеңімен ашылады. Алайда бұл жағдай халыққа қаншалықты әсер етеді, ауру қайта өршуі мүмкін бе, пандемияның қозуына не себеп болғаны жайында медицина ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институтының ректоры, эпидемиолог-гигиенист дәрігер Төлемісова Арай Мағауияқызымен аз-кем әңгімелескен едік.
Оның үстіне, осы жолы халықтың дертке көзқарасы өзгерді. Егер қазір дерт қайта өршіп, карантин жариялануы ескерілсе, адамдар бірден тыйылуға дайын. Себебі, бұл эпидемия әрбір әулеттің жақындарын іліп әкетті. Пендешілік қой, оған дейін халық арасында сенбестік болды. «Оның бәрі өтірік», «Үкімет алдап жатыр» деген қаншама жалаң сөздер айтылып жүрді. Дерт ушығып, әр жанұяның төбесіне төнгенде ғана жұрт сене бастады. Сонда адамдардың арасында үрей пайда болып, өздері тыйыла бастады. Осы нәрсе аурудың тез тоқталуына әкелді.Негізі карантин дерт басылғанда алынуы тиіс. Бізден кеткен қателік, вирус енді ушығып, өсе бастағанда карантиндік шектеулер азайды. Міне, сол кезде шыдамдылық танытып, карантинді сақтай тұрғанда, бүгінгі қайғылы жағдайға дұшар болмас едік. – Сол кездегі шешімнің асығыстық болғаны ма? – Әуелі вирустың қалай басталғанына оралайық... Жалпы вирус дегеніміз – тез арада жұқпалы дерттің тарауы. Сондықтан бізде пандемияға дайындық – адамдарды үйінен шығармаудан басталды. Яғни, карантинді ерте бастап жіберді. Халық сол аралықта «ауруға шалдыққандар 45-50 болды» деп үйде санақ жүргізіп отырды. Ауру ушыға бастағанда, біз бәрін ашып тастадық. Ал осы кезде карантин жариялануы тиіс еді. Бізде сақтық шаралары ерте жүргізіліп қойғандықтан, дертке шалдығушылардың өсімі көбейе түсті. Қаржы да керек емес дүниеге көп бөлініп кетті. Бұл дегеніміз – ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс болмағаны.
Сол уақытта сырқаттанған дәрігерлердің дені – білікті мамандар. Енді олардың орнын алмастыратын кәсіби мамандар болмады. Ал елде күн санап, дәрігерге деген сұраныс өршіді. Содан дәрігерлікті оқып жүрген резиденттер мен алғашқы көмектен хабары бар өзге маман иелерін жұмысқа алды. Олар күнделікті жұмыс барысын атқарғанымен қысылтаяң кезінде біліксіздігін көрсетті. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды. Дегенмен кез келген дәрігер анестезиолог-реаниматологтың жұмысын істеп, алып кете алмайды.Мысалы, жансақтау бөліміне түскен ауыр халдегі пациенттің аяқасты өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатқанда қажетті шешімді шығара алуы тиіс. Уақытында дұрыс шешім қабылдай алмаған соң, біраз адамды жоғалтып алдық. Себебі, қандай білікті дәрігер болсын ол тек өз саласын меңгерген маман. Оған қоса, әр адамның жағдайына қарай шешім қабылданады. Ол сырқаттанушының жағдайын бақылап, оны жазылуын қадағалауы тиіс. Ал аппаратпен қамтамассыз ету – бір бөлек әңгіме... – Күзде пандемияның екінші толқыны басталады деп жатыр. «Бұл дерт балаларға ауыр тиеді» деген сөз қаншалықты шындыққа жанасады? – «Жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайды» дегендей, екінші толқынның күзде болатыны да, оның балаларға ауыр тиетіні де, рас. Өйткені күз кезінде маусымдық аурудың бәрі қозатын уақыт. Коронавирус болмай тұрғанда да сол кезеңде ауру-сырқат ушығатын. Мысалы, балаларда менингит, қызылша, грип секілді аурулар қозып, иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Осындай шақта COVID-19 жұғуы ықтимал.
Бағана айтып кеткендей, вирус ешқайда жойылып кеткен жоқ. Ол суда, ауада, топырақта болуы мүмкін. Қанша залалсыздандыру жұмыстары жасалса да, зат алмасу барысында басқа жерге көшіп кетеді. Жағдайға қарай ол да түрлі мутацияға ұшырап, бәсеңдеуі мүмкін. Алайда түбегейлі жойылмайды. Бүкіл күшімізді тек коронавируспен күресуге жұмылдырып жатырмыз. Ал басқа ауруларға мән бермей кеттік.Мәселен, туберкулез – көз жұмып қарайтын дүние емес. Олар қазір арамызда ашық түрде жүр. Оның да қозатын кезі – күз. Ол тез арада таралып кетсе ше?! Тіпті туберкулезді жұқтырып алғанды білмей қалуымыз ықтимал. Оның көбеюінен бұл дерт бізге ауыр қалыпта тиуі мүмкін. Сол себепті сақтық шараларын қадағалап, қаталдық танытқан дұрыс. – Бұл вирусты қалай жоюға болады? Сонда не істеу керек? – Қазір бізде аты бар да заты жоқ институттар көп. Солардың жұмысын жандандырған дұрыс. Өйткені ғылыми институт арқылы елдегі эписанитарлы-эпидемиологиялық жағдай белгілі болар еді. Мысалы, микробиология, эпидемиология, қоршаған ортаның гигиенасы институты болғанда бірнеше лаборатория жұмыс істер еді. Олар ауаның, судың, топырақтың құрамын ғана емес, эпидемиологиялық аурулардың таралауын зерттеп, қадағалап, қандай дәрежеде екенін анықтап, статистиканың бәрін жүргізер еді. Тым болмағанда бәрін біріктіріп, референт лаборатория жасап, бұл ахуалды қадағалауға мүмкіндік беруі тиіс. Соның көмегімен алдын ала болжам жасауға болады. Мәселен, гигиенист-эпидемиологтың міндеті аурудың алдын алу немесе профилактика жасау. Ал ол оны неге негіздеп жасайды. Егер ғылыми институт болмаса, оны қадағаламаса, бұл күресіміз – бос әурешілік. – Дертті өзіміз зерттеп-зерделемейінше қандай аурумен күресіп жатқанымызды білмеуіміз мүмкін бе? – «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, әр ағза әртүрлі. Бір дәрінің бүкіл адамға бірдей әсер етуі мүмкін емес. Мысалы, пневмония біреуде дәрежесі жоғары, енді біреуде төмен делік. Бірақ екеуіне берген бір дәрі бірдей әсер етпеуі мүмкін.
Екіншіден, бұл вирус – мутагенді вирус. Жағдайға қарай түрлене береді. Оны бір дәрімен өлтірсек те, екінші түрін қоздырып жіберуіміз мүмкін. Сондықан әрбір нәрсеге ұқыпты қарап, зейінділік таныту керек. Ал лаборатория осыған бақылау жасап отырады. Оның ағзаға қалай әсер етіп жатқанын, оның өзгеруін бақылайды.Сол арқылы қандай қадам жасау керегін болжауға болады. Бастапқы кезде бізде лабораторияға қарайтын жағдай болмады. Қолда бар препараттармен емдеп мәз болдық. Артынан кемшілігімізді білдік, оған көзіміз жетті. Енді соны түзетуіміз керек. – Сонда COVID-19 адам ағзасына қалай әсер етеді? Адам бойындағы бұрынғы сырқатын қоздыра түсе ме?
– Шыны керек, ауыр халге түскендерге қандай ем қолданылуы әлі белгісіз. Сол білместіктің кесірінен уақыт жоғалтып жатырмыз. Соңғы шыққан бірнеше емдеу протоколына негізделсек, COVID-19 адамның қанын қоюлатып жібереді. Бұл вирустың ішінде SARS деген микроб бар. Ол адам ағзасындағы көмірсутегімен қоректенеді. Сондықтан адам тез әлсіреп, бұлшық еті жойылып, шөге бастайды. Дәрігерлер ондайда майлы тамақ жеуге кеңес береді. Сонда SARS алданып, көмірсутегін емес, маймен қоректенеді. Ал май вирустың функциясын жояды. Соның арқасында ауруды жеңіп жатыр. Осының бүге-шүгесін реттейтін – тамақтану институты.Одан кейін қанды сұйылтып, оттегін берумен айналысқанда қосымша ілеспе аурулар шыға бастады. Ал оған қандай ем қолдану керегі тағы бар. Басында дәрігерлер оны есепке де алмаған. Қателік болды, бірақ «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» емес пе? Дәрігерлер қолынан келгенін бәрін жасауда. Алайда бұл аурудан біржола құтылдық деп айта алмаймыз. Ол келесі жылы да қайталануы мүмкін. Бізді тек сақтық шаралары құтқарады. Онда да жеке бастың тазалығы. Сонымен бірге, әркім өзіне жауапты екенін ұмытпауымыз керек.