Тағы қанша адам 42 500 теңге алды?
Тағы қанша адам 42 500 теңге алды?
Фото: Интернеттен алынды
17 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға 2 млн 564 мыңнан астам өтініш қабылданды. Төлем көлемі ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңгеге тең. Төлем 2 млн 350,3 мың адамға тағайындалды, оның 2 млн 341,1 мыңына қаржылай көмек аударылды. Сондай-ақ тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 2 млн 328,2 мың адамға 21 250 мың теңгеден (ең төменгі жалақының жартысы) қосымша берілді. Төлем беру жұмыстары одан әрі жалғасуда. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 564 мыңнан астам өтінімнің ішінде: – 834,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген; – 666,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 401,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 660,7 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы; – 0,3 мың адам штабтар арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 834,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта); – 252,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген; – 1 млн 477 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.