«Еңбек» етуге жемқорлық кедергі
«Еңбек» етуге жемқорлық кедергі
Nur Otan партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі бірқатар лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды ұсынды. Кеңес «Нәтижелі жұмыспен қам­­ту­дың және кәсіпкерлікті да­­мы­тудың 2017-2021 жылдарға ар­­­налған «Еңбек» мемлекеттік бағ­­дарламасын» жүзеге асыру ба­­рысы көңіл көншітпейді деген қо­рытындыға келді. Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрі Біржан Нұрым­­бетов атап өткеніндей, «Ең­бек» бағдарламасы 2017 жылдан бе­рі жүзеге асып келеді. Осы уа­қыт­­қа дейін 1,3 миллион азамат бағ­­дарламаға қатысқан. Оның ішін­де, 40 пайызы – жастар. – Үш жылда кәсіпкерлікті да­­­­мытуға 186 миллиард теңге бө­­лін­­ген. Осы бағытқа 39 мың не­сие берілді. Несие алушылардың 63 пайызы – тұңғыш рет кәсіп аш­қандар. Бағдарлама аясында суб­сидия беру арқылы 414 мың жұмыс ор­ны ашылған, – деді министр. «Еңбек» бағдарламасы ая­сын­да жұмыс жүйелі жүрген. Со­ған қарамастан, «Еңбек» бағдар­ла­ма­сын іске асыру барысында көп­те­­ген келеңсіздік, оның ішін­де жем­­қорлық сипатындағы заң­бұзу­шылықтар да болған. Кеңес мүшесі, Парламент Мә­жілісінің депутаты Бақытгүл Ха­менованың айтуынша, «Еңбек» бағ­­­дарламасы жүзеге асқан 3 жыл ішін­­де 88 жемқорлық қыл­­мысы әш­кереленген. Оның ішін­де, 56 қыл­мыс­­тық іс cоттың қарауында. Со­ны­мен қатар бағдарлама аясында 180 несие берілген. Жарты мил­лиард теңгеге жуық қаржыны бағ­­­дарламаға қатысушылар жеке ба­сының мақсатына пайдаланған. – Сонымен бірге 6 миллиардқа жуық теңге нарықта сұраныс жоқ мамандарды оқытуға жұмсалған. Бағдарлама аясында оқыған 80 мың адамның бар-жоғы 23 мыңы ма­мандығы бойынша жұмысқа ор­наласқан. Кәсіпкер ретінде тір­келмеген және салықтық тө­лем­дер бойынша қарызы бар аза­маттарға сомасы 1,3 миллиард тең­ге болатын несие бөлудің 750 де­ре­гі анықталды, – деді Бақытгүл Хаменова. Жиын соңында кеңес мүшелері еңбек нарығындағы сұраныс пен қаржылық мүмкіндікті ескермей, деректерді бұрмалау арқылы қол жет­кізіліп отырған деген қоры­тын­ды жасады. Талдау нәтижесінде, «Еңбек» бағ­дарламасын іске асыруға тиісті қа­дағалаудың аздығы да себеп бо­лып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі респуб­ли­калық қоғамдық кеңес «Еңбек» бағ­дарламасын жүзеге асыру бойын­ша келеңсіздіктерді жою мен жұмысты жақсартуға қатысты Ең­бек министрлігіне бірқатар ұсы­ныс жасады. Атап айтқанда, бағдарлама ая­сында жастардың тәжірибе алу мер­зімін 6 айдан 1 жылға дейін ұзар­ту ұсынылды. Партиялықтар атау­лы әлеуметтік көмек алатын от­басыларға ерекше көңіл бөліп, олар үшін грант бөлу ережесін қай­та қарауға баса назар аударды. – Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант­тардың көлемі 200 АЕК-ке дейін ұлғайды. Табысы аз от­­­ба­сылардың осы санатқа жата­ты­­ны мәлім. Алайда грантпен алы­на­тын сома отбасының жалпы та­бысын санау кезінде есепке алы­натындықтан, АӘК алушылар гранттан бас тартуда. Осыған орай, отбасының жалпы табысын са­нағанда бизнесін жолға қойып ал­ғанға дейін грант сомасын кі­ріс ретінде есептемеу керек. Сон­да олар АӘК-тен айырылып қал­майды, – деді Омархан Өксік­баев. Сонымен қатар Кеңес Қызыл­ор­да облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жахановты, Түркістан об­­лыстық Жұмыспен қамтуды үй­­­­лестіру  және әлеуметтік бағ­дар­ламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваны, Шымкент қа­лалық Жұмыспен қамтуды үй­лестіру  және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Әбілхатинді партиялық және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралды.   Майра БАҚЫТ