Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина барлық азаматқа неге тегін жасалмайтынын айтты. Сұрақ қойған журналистердің бірі "Коронавирусқа қарсы вакцинаны неліктен тек қауіп тобындағы азаматтар алады? Вакцинаны халықтың 10 пайызы ғана алады дейсіздер, жалпы 19 миллион ғанамыз деді.
"Дәстүрлі қауіп тобындағы адамдар бар, Қазақстанда олардың саны - 2,2 миллион. Оған созылмалы жүрек-тамыр аурулары бар адамдар, 65 жастан асқандар, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулары бар адамдар жатады. Сондықтан сау адамдарға сол қауіп тобына жатуға тырысудың керегі бар ма? Белгілі бір әлеуметтік ереже мен заңдар бар ғой", - дейді Бағдат Қожахметов.Оның айтуынша, сау, еңбек ететін адам өзін-өзі қамтуы керек. Оларға вакцинаны ақылы салдыру қиын емес.
"Бұл - менің жеке ұстанымым. Меніңше, кез келген дұрыс пікірдегі адам менің ұстанымыммен келіседі", - дейді ол.