Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
"Қазгидромет" РМК 18 тамыздан 21:00-ден 19 тамыздың 21:00 аралығында дауылды ескерту болуы ықтималдылығын ескертті. Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Найзағай жерлерде. Батыстан соққан желдің епкіні - 15-20, кейбір жерлерде 25 м/с құрайды. Талдықорғанда да күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Дауылдың ықтималдығы - 90-95%", - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.Алматы облыстық ТЖД азаматтарды ауа-райының өзгеруін қадағалап, сақтық шараларын ұстануға шақырады.