Қазақстанда Кавасаки синдромы анықталған балалардың саны 11-ге жетті
Қазақстанда Кавасаки синдромы анықталған балалардың саны 11-ге жетті
© сурет интернеттен алынды
Қазақстанда Кавасаки синдромы мен оған ұқсас ауруға шалдыққан балалардың саны 11-ге жетті. Бұл туралы бүгінгі брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
«Өкінішке қарай, Қазақстан бойынша Кавасаки синдромы және оған ұқсас белгілері бар аурумен ауырған 11 бала анықталды. Жалпы, ғылыми түрде Кавасаки синдромы бес жасқа толмаған балалардан ғана шығатын ауру. Бірақ еліміздегі синдром анықталған 11 баланың екеуі ғана бес жасқа толмаған, ал қалғандары 17 жасқа толмаған әртүрлі жастағы балалар», - деді Қожахметов.
Осы ауырған 11 баланың үшеуі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Олардың бәрі жазылып шықты. Синдром анықталған қалған сегіз бала Алматы, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында тіркеліп отыр.
«Балалар коронавирус инфекциясымен қатты ауырғанда, аурудың соңы Кавасаки синдромына айналады», - деп мәлім етті Қожахметов.