Праймеризге 9 ақтөбелік өтінім берді
Праймеризге 9 ақтөбелік өтінім берді
173
оқылды
30 жастағы Аслан Жұмашевтің де үлкен мақсаты бар. Ол – Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалы директорының орынбасары.
– Партия мүшесі екенімді мақтан тұтамын. Биыл партия көшбасшыларының бірі болуды және аймағымызды дамытуға  өз үлесімді қосуды жоспарлап отырмын. Менің жұмысым Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған. Праймериз жоспарларымды жетілдіруге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Жастарға праймеризге белсенді  қатысуға кеңес беремін, – деп өз ойымен бөлісті Аслан Жұмашев.
46 жастағы Талғат Хамитов жақсы үлгі көрсетті. Ол қоғамдық жұмыста үлкен тәжірибесі бар партия мүшесі. 2006 жылдан бері "Nur Otan" қатарында. Төрт баланың әкесі Nur Otan партиясы атынан бірнеше рет Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына сайланған. Қазіргі уақытта мәслихат жанындағы ТКШ, автожол құрылысы және жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты комиссияны басқарады. – Мен праймеризге қатысуға бел будым. Өйткені қалалық мәслихаттың партиялық фракциясының құрамында басталған істерді соңына дейін жеткізіп, жоспарларды жүзеге асырғым келеді, – деп атап өтті кандидат. Ол сондай-ақ көптеген жылдар бойы кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау қауымдастығын басқарып келеді. Бұл қоғамдық бірлестік Жайсан балалар үйінің тұрақты демеушісі ретінде танымал. Ақтөбе қаласындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларының мектепке жиналуына бірнеше жыл қатарынан қол ұшын созып жүр. Кандидаттардың өтініштерін қабылдау енді ғана басталды, бірақ қабылдаудың алғашқы сағаттарында-ақ қатысуға ниет білдіргендер аз емес. Алғашқы тоғыз үміткердің ішінде ауыл тұрғындары да бар. Олар - Мұғалжар ауданынан Азамат Адаев, Байғанин ауданынан Мұрат Жамаладин, Қобда ауданынан Салтанат Нұрсұлтанова және Валерий Власенко, Қарғалы ауданынан Саясат Спан, Ануар Малдыбаев. Айта кетейік, өтінім 2020 жылғы 17 тамыздың 9.00-ден 28 тамыздың 18:00-ге дейін қабылданады.