Көрші тату болса – көптің бағы
Көрші тату болса – көптің бағы
246
оқылды

Мәскеуге сапар жасаған Елбасы Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізді. Кремлдегі кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің өзара ынтымақтастығының негізгі қырларын талқылады.

– Қазақстан-Ресей қарым-қаты­насы өзгеге үлгі-тағылым етуге тұ­рарлық. Мұндай бай­ланыс көптеген елге өнеге. Мен өзара іс-қимылдың осын­дай деңгейге жетуі үшін бар күшімді салдым. Біз соны­мен бірге, Еуразиялық эконо­ми­калық одақ құрдық. Ол табысты дамып келеді және барлық мүше елге пайдасын тигізеді, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Ол Ресей президентін Мәскеу қаласы мейрамымен құттықтап, жетістіктер және Ресей астанасының гүлдене беруін тіледі.

– «Мәскеу қаласының күні» мере­кесіне шақырғаныңыз үшін рақмет. Мәскеу барша­мызға өте жақын. Ер­те жастан бастап осында келіп, оқы­дық және жұмыс істедік. Қызмет еткен жылдардың бәрінде «Ха­лық шаруашылығы жетіс­тіктерінің көр­месі» халықта­рымыздың достығын нығай­туға өз үлесін қосқанын атап өт­кен жөн. Сондай-ақ ке­­лесі жылы Жеңіс­тің 75 жыл­­ды­ғын мерекелеуге ар­­нал­­ған мерейтойлық па­радқа ш­а­­қыр­ғаныңыз үшін ал­ғы­сымды біл­діремін. Со­ның қарсаңында сол сұра­пыл соғыстағы жеңіске адам­дар­­дың бірлігінің арқа­сында қол жеткенін атап өткім келеді, – деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде Ресей көшбас­шысы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің екіжақты қа­тынастарды қалып­тастыру және дамытудағы ерекше рөлін атап өтті.

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бізге мереке күні кел­геніңіз үшін рақмет. Сіз Қа­зақстан-Ресей қаты­насын орнатушысыз. Бұл байланыс­тар гуманитарлық, әскери салаларда, әскери техникалық ынтымақтастықта одақтастық­тың бұрын-соңды болма­ған ең жоғары деңгейіне жетті, біз толағай табысқа қол жет­кізе алмай­тын қызмет саласы жоқ. Сізді көруге әрқашан қуаныштымыз және жеке бай­ланыстарымыздың жалғасып жатқанына қуаныштымын, – деді Владимир Путин.

Кремлдегі келіссөздер аяқталғасын Елбасы Ресей басшысы Владимир Путинмен бірге «ВДНХ»-дағы қал­пына келтірілген «Қазақстан» ұлт­тық павильонын аралап көр­ді. Павильон­ға кіреберісте қонақтарға арнап, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының хоры мен балет труппасының орын­дауын­да «Ел Салтанаты» вокалды-хореографиялық композициясының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Бұған қоса, павильон қо­нақтары табиғи және эко­ло­гиялық таза өнімдер мен ұлттық тағамдар ұсы­ныл­ған қазақстандық ауыл­шаруа­шылық өнімдерінің көрме-жәрмеңкесін қарап шықты.

Бірегей көрме кешенінің экспози­циясымен танысу ба­рысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин па­вильон­ның «Құрметті қонақ­тар кітабына» жазба қалдырды.

Сонымен қатар мәртебелі мей­мандар халқымыздың тарихи-мә­дени мұрасына арналған Қа­зақстан­ның Ұлттық музейінің көрмесін тамашалады. Көрмеге біздің дәуірі­мізге дейінгі VIII-VI ғасырларға жа­татын 30-дан астам бірегей экспо­зиция қойылған.

Елбасы сондай-ақ мем­лекетіміздің Ресей Федера­циясындағы елшілігіне арнайы бас сұғып, қазақстандық дипломаттармен әңгімелесті.

– Сіздер ең үлкен елде қызмет етесіздер. Жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, ол елшілік жа­нын­­дағы қазақстандық-ресейлік қа­тынастардың тари­хына арналған музей­дің экспозициясымен та­нысты. Музей екі ел арасын­дағы дип­ло­ма­тия­лық қатынас­тар­ға 25 жыл толуы­на орай ашыл­ған. Музейдегі муль­тиме­­дия­лық терминалдар мен фотос­тендтерде қос көр­ші­нің мем­­ле­кетаралық қатынасы­ның қалыптасуы мен дамуы­ның толық құқықтық және статистикалық базасы көрініс тап-қан.

Н.Назарбаев Ресей бас­шы­сы­мен бірге Мәскеу қаласының 872 жыл­дығын мерекелеу салтанатының ашылу рәсіміне қатысты.