Мандарин қатерлі ісікті кетіреді
Мандарин қатерлі ісікті кетіреді
©Сурет интернеттен алынды
160
оқылды
Бұл жайында Sabah басылымы жариялады. Басылымның мәліметінше, цитрустар тобына жататын кумкват жемісі ісіктің өсуін тежеп, ас қорыту жүйесіне оң әсер етіп, сүйектің нығаюына септігін тигізеді. Ал ИноСМИ сайтының мәліметіне сәйкес, бұл жемісті "сәнді мандарин" немесе "алтын апельсин" деп те атайды.
Кумкват адамның иммунитетін күшейтеді. Ол көбінесе тұмаумен жиі ауыратын адамдарға пайдалы. Жеміс асқазан-ішек жолының қызметіне оң әсер етіп, анорексия, жүрек айну, асқазанның тамақ қорыта алмауына тиімді көмектеседі.
Сонымен қатар, кумквата онкологиялық аурулардың дамуын тежейді. Оның құрамында флавоноидтер көп болғандықтан адам ағзасын канцерогенді заттарға төзімді етеді. Сондай-ақ, бұл жемісте кальций көп болғандықтан ол сүйекті нығайтып, бетке әжімнің түспеуіне әрі безеулермен күресуге оң ықпал етеді.