Заңдылықты сақтауды тапсырды
Заңдылықты сақтауды тапсырды
125
оқылды
Елбасы карантиннің жеңіл­деуіне байланысты эпидемиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. – Бүгіннен бастап карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданды. Алайда адамдар жауапкершілікті толық сезінуі қажет. Әр адам өз ден­саулығын сақтауы керек, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Өз кезегінде Әсет Исекешев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының ықтимал қауіп-қатерлерді талдау және алдын алу бойынша жүр­гізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады. – Қауіп-қатерлерге талдау тұрақты түрде жүргізіледі. Әр сала бойынша мониторинг жасалып,  оларды шешу үшін шаралар ұсынылады. Қазір негізгі мәселе – коронавирус пандемиясы. Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты кеңестің шешімдерін ескере отырып, жағдайға бақылау жүргізеді, бірқатар мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізеді. Қылмыстық ахуалға келер болсақ, жалпы республика бойынша қылмыс саны өткен жылмен салыстыр­ғанда 34 пайызға азайған. Жағдай бақылауда. Бірқатар салада қылмыстың төмендеу қарқыны байқалып отыр, – деді Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.