Еуропа лигасының матчына қазақстандық төрешілер төрелік етеді

Еуропа лигасының матчына қазақстандық төрешілер төрелік етеді

Арман Исмуратов «Сумгайит» – «Шкендия»(Солтүстік Македония) кездесуінің бас төрешісі болып тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Самат Тергессізов көмектеседі, сондай-ақ төртінші төреші болып Жандос Абжан қызмет атқарады. Төрешілер тобы Қазақстан атынан шығады. Матч 27 тамызда Сумгаитта «Капитал Банк Арена» стадионында өтеді.