Инвестордың не ойлағаны бар?
Инвестордың не ойлағаны бар?
© коллаж: Қуаныш Cапарбаев
 

Әлеуетті инвесторлар әлі ойланып жүр

Иә, кез келген инвестор дамы­ған кәсіби орта және халықаралық деңгейдегі талаптарды ұстанатын елге қаржы құяды. Олар үшін бизнес жүргізудің жеңілдігі, құжаттарды ресімдеу, инвестордың құқығын қор­ғау және инвесторларды қолдау тетіктері, еңбек және көші-қон заңнамасының қолайлылығы, са­лық режимі, инфрақұрылымның болуы, рұқсат беру құжаттарын және инвестициялық префер­енцияларды алу жылдамдығы ма­ңызды рөл ойнайды. Біз мұ­ның бәрін неге тәптіштеп отыр­мыз? Себебі осының бәрі Дү­ниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде талап етіледі.  Аталған рейтингте инвесторларға қолайлы жағдай жасап отырған елдер ара­сында  190 мемлекеттің ішінде 25-орында тұрмыз. Соның ішінде келісімшарттарды қорғау бойынша 4-орында, миноритарлық инвес­торлардың құқығын қорғау бо­йынша 7-орында екенбіз. Kazakh invest ұлттық компаниясының дерегінше, тәуелсіздік жылдары Қазақстанға тікелей шетелдік инвестиция   ағыны шамамен 350 млрд АҚШ доллары болды. Ал 2019 жылы елге 24 млрд дол­лар инвестиция тартылды. Алай­да соңғы уақытта шетелдік инвес­тицияның азаю үдерісі бай­қалып жатыр. Экономист Бауыржан Ысқақов­тың айтуынша, бұл үдеріс панде­мияға ғана қатысты емес, шетелдік инвесторлар үшін  ең маңызды сала саналған мұнай-газ секторына қатысты қабылдаған ОПЕК шешім­іне байланысты. «Коронавирус індеті мен ОПЕК елдерінің мұнай өндіру кө­лемін қысқарту туралы шешімі Қазақстанның жер қойнауын пай­далану саласына қаржы құй­ған  шетел инвесторларының қызы­ғу­шылығын төмендетіп отыр. Былтыр біздің елге инвестиция құйған  Нидерланд  жалпы шетелдік инвес­тицияның  30 пайызын қам­тамасыз етті. Шетелдің инвес­тицияның 23 пайызын АҚШ  құйды. Швей­цария 9,3 пайыз, Қытай 7 пайыз, Ресей 5,8 пайыз үлеске ие еді. Ал биыл ішкі жалпы өнімнің төмен­деуіне байланысты сырттан келетін инвестиция көлемі азайып жатыр. Мысалы, АҚШ-тан келетін инвес­тиция 58 пайызға құлдырады. Ни­дерландтың инвестициясы – 7,7 пайызға, Ресей инвестициясы – 6,6 пайызға азайды. Швей­цария­ның инвестициясы да 6 пайызға төмендеді. Бұл шетел инвес­торларының мұнай бағасының тұрақсыздығы мен ОПЕК қойған шектеулерге байланысты  салаға қаржы салуға   асықпай отырғанын білдіреді», – дейді ол. Сарапшы сөзін  Статистика комитетінің сандары да растайды. Осы жылдың қаңтары мен наурыз айында инвестиция былтырмен салыстырғанда 16 пайызға   төмен­деген. Ақшамен айтсақ, 148 млрд доллар. Ал пандемия бізде наурыз айында басталғанын ескерсек, одан бергі уақытта шетелдік ин­вес­тицияның өсе қоймағанын ба­ғамдау қиын емес.  

Инвестиция бағыттары өзгереді

Көңілге демеу болары сол, еліміздегі негізгі капиталға са­лынған инвестиция қалыпты бо­лып тұр. Ұлттық экономика минис­трлігінің дерегіне сүйенсек,  биыл­ғы қаңтар-шілдедегі  негіз­гі капиталға 6,1 трлн теңге  инвес­тиция тартылған, бұл ретте 13 өңірде өсім тіркелді.  Ең жоғары өсім Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шым­кент қаласында байқалды. Ал Қызыл­орда, Атырау,  Батыс Қазақ-­ ­стан және Қарағанды облыс­тарында негізгі капиталға инвес­тиция салу азайды. Дағдарыстан шығу үшін құрылысқа басымдық берілгендіктен, осы салаға инвес­тиция молынан салыныпты. Пандемия инвесторлардың қар­жы құятын саласын өзгертуге ық­пал ете бастады. Алдағы уа­қыт­та инвесторлар мүлдем қызы­ғушылық танытпаған сала­ларына қаржы құйып жатса, таң­ғалмаймыз. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның сауда және даму кон­ференциясы  инвестицияны медициналық қон­дырғылар мен дәрі-дәрмекке ба­ғыттауға кеңес береді.  Сондай-ақ коронавирус індеті кезінде күрделі қиындыққа тап болған кәсіпорындарға да қаржы құюға шақырып отыр. Себебі ол ком­панияларда жұмыс істейтін мың­даған адамның жұмыссыз қалуы күрделі мәселенің туындауына се­беп болуы мүмкін.  

Дү­ниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде инвесторларға қолайлы жағдай жасап отырған елдер ара­сында 190 мемлекеттің ішінде 25-орында тұрмыз.

  Коронадағдарыстан зардап шеккен екі саланың бірі авиация болса, екіншісі – туризм. Сон­дықтан да шет мемлекеттер инвес­тициялық саясатта осы салаларды сақтап қалуға әрекет етіп жатқан сияқты. Мысалы,  Италия үкі­меті Alitalia әуекомпаниясын ұлт­тандыруды қолға алды. Бұрын шет­елге бағыттап келген қаржысын әуекомпанияға құю арқылы қан­шама адамның жұмыссыз қал­уы­ның алдын алмақ. Ал АҚШ  пан­демияға қарсы авиация са­ла­сын қолдауға 25 миллиард дол­лар бөлді. Осы елдегі General Mo­tors компаниясына желдеткіш құрылғылар шығаруға мемлекеттік тапсырыс берді.  Оңтүстік Корея билігі вакциналар мен дәрі-дәр­мектер өндірумен айналысатын компанияларға кірісін жоғалтпау үшін инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеді. Нидерланд ін­детке байланысты жабылуға мәж­бүр болған кәсіпкерлерге көмек көрсетіп жатыр. Жапония Қытайда орналасқан өндірістік базаларын Жапония мен Азияның басқа ел­деріне көшіру үшін 2,2 млрд дол­лар бөлді. Мұндай тәжірибе біздің ел­де де бар. Әуекомпанияларды қолдау үшін ішкі рейстер санын арттырдық. Медициналық қон­дырғылар мен дәрі-дәрмек өндіріс­іне де қомақты қаржы бағытталып жатыр. Бұл салаға инвестиция құю­­ға құлықты инвестор табылса, құ­шақ жая қарсы аларымыз анық.  

Инвестицияға да диверсификация керек

Сарапшылар ірі инвестор­лардың инвестициясын әртарап­тандырудың экномика үшін де, инвестор үшін де тиімді те­тік екенін айтады.  Ол үшін пан­демия жағдайында ақша таба ала­тын және аяқталғаннан кейін ин­­вестициялық тартымдылығын сақ­тай алатын жаңа бизнес формат қа­жет. Біз инвестор үшін осындай жобаны ұсына алсақ, құба-құп. Бұл ретте, ә дегенде медицина сала­сы ойға оралады. Инвестордың денсаулық сақтау саласына деген қызығушылығы нарықта жаңа жо­баларды дамытуға   итермелеуі мүмкін. Алайда  Osquared Capi­tal қаржы-инвестициялық ком­паниясының басқарушы директоры Тимур Омоев денсаулық сақтау саласындағы жобалардың инвес­тициялық тартымдылығын баға­лауға сақтықпен қарау керегін ай­тады. Себебі пандемияның эко­номиканың осы саласына ұзақ­мерзімді әсері әлі де түсініксіз. Бірақ алдағы жылдары Қазақстандағы жаңа бизнес жобалар арасында денсаулық сақтау саласындағы жобалардың үлесі арта түсетінін жоққа шығармайды. «Қазақстандағы кейбір ин­вес­торлар фармацевтикалық жо­баларға қаражат салуға дайын шы­ғар. Меніңше, олар жергілікті нарықта, ең алдымен мемлекеттік тендерлерге қатысу үмітімен жа­салады. Біз нарықтық жобаларға деген сұранысына басымдық беріп, қандайда бір нақты салаларға на­зар аудармаймыз. Сондықтан коронадағдарыс аяқталғаннан кейін  перспективасы болса, ме­дицинамен байланысты бизнес-идеяларды да қарастыруға дайын­быз», – дейді. Ал экономист Бауыржан Ыс­қақов  инвесторлар бірінші кезекте  онлайн саудаға инвестиция құя бастайтынын айтады. Сонымен қа­тар  пандемияның шектеу ша­ралары аса әсер етпейтін салалар – халықтың тікелей тұрмыстық қа­жеттілігін өтейтін тауарларды шы­­ғаратын бизнес субъектілерге  қызығушылық артады.  Ол да инвес­торлар ақшасын бұрынғыдай бір емес, бірнеше салаға   бағыттауына тура келеді, сонда ғана табысқа кенеледі деп отыр.   Ендеше, ендігі кезек – ел Үкіметінде. Инвесторға тиімді ұсыныс жасап,  тараптарды тең табысқа кенелтетін салаға тарта алса болғаны.  

халимаХалима БҰҚАРҚЫЗЫ