«Шаштараз 19 жастағы жігіттің шашын бояймын деп, басын күйдірген» – сот үкімі шықты
«Шаштараз 19 жастағы жігіттің шашын бояймын деп, басын күйдірген» – сот үкімі шықты
Фото: Интернеттен алынды
Павлодардағы №2 сот үкіміне сәйкес, 49 жастағы шаштараз келіншек 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, зардап шеккен жігітке 400 мың теңге моралдық өтемақы төлеуі тиіс еді. Алайда, шаштараз оған келіспей аппеляцияға беріпті.
Павлодар қалалық №2 сотының бас маманы Гүлсім Ахтаева: «40 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылған Қанжығалиеваға қатысты Павлодар қалалық №2 сотының үкімі өзгертусіз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді», – деді.
Еске сала кетейік, оқиға биыл ақпан айында болған. Шашын боятуға барған 19 жастағы жігіттің басы препараттарға күйіп қалып, ауруханаға түскен. Павлодар қалалық №1 емхананың бөлім меңгерушісі Еркін Нұрғалиев: «Күйіктің ІІ-ІІІ дәрежесі, көлемі 1 процентке жетеді. Енді бұл науқас бізге келгенде өміріне қауіп болған жоқ енді. Біздің травматолог дәрігерлер жараны емдеп шығарды. Қазір оның қорытындысы жаман емес», – деді.   https://youtu.be/9OvleB19uNI