Жезбұғадан айырылып қалмайық!
Жезбұғадан айырылып қалмайық!

19 тамыз күні «Айқын» газетінде жарияланған жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллиннің «Сұлудың көз жасындай Жезбұғаны құтқарайық!» атты мақаласын оқып шықтым. Бұл қаламдас інімнің әлемнің көптеген елінде ең көкейкесті мәселеге айналып отырған тұщы су тақырыбына тұңғыш қалам тартуы емес.

Осыдан 13 жыл бұрын «Айқын» газетінде басылған Бауыржанның «Ендігі шу судан шықпасын...» деген публицистикасы да осы та­қырып (бертін келе ол жаз­ғаны автордың «Жаныма жа­қын жағалау» атты публи­цистикалық жинағына да енді). Айтайын дегенім, Ғұ­байдуллиннің осы мақа­ла­сында тұщы суға қатысты жүрек шошытар небір дерек-дәйек бар. Енді соның кей­бірін оқып, ой елегінен өт­кізіп көріңіз:

«...БҰҰ-ның Азық-түлік ко­митетінің мәліметіне қара­ғанда, 2030 жылға таман тұ­щы суға деген әлемдік сұ­раныс қазіргіден 60 пайызға артатын көрінеді. Сөйте тұра, техногендік процестердің салдарынан табиғи су көз­дерінің үздіксіз ластануы, орманның оталуы сықылды факторлар, жалпы, адам ба­ласының қоршаған ортаға деген салдыр-салақ көзқа­ра­сы ішуге жарамды су қорын жыл санап кеміте түсуде. Демек, қазекем айтқан «Су­дың да сұрауы бардың» кө­кесі әлі алда. Кейбір дерек­терге қарағанда, қазірдің өзінде 2,3 миллиард адам ішер судан тарығып отырған көрінеді. Тіпті осы мақаланы жазуға дайындық барысында біз жер бетінде жыл сайын үш миллионға жуық адам шөл­ден өледі деген мағлұматты да кезіктірдік. Су тапшылы­ғының зардабын, әсіресе, Кувейт, Біріккен Араб әмірлігі мен Египет қатты сезініп отыр. Басқа амалы қалмаған Араб әмірлігі мұзтауларды (айсбергтерді) жағаға сүйреп әкеліп, ерітіп ішуге көшкен. Күндердің күнінде мұзтау­лардың да түбі көрінері анық, оның үстіне, мемлекет біткеннің бәрінің бірдей шекарасы теңізбен шек­теспейді ғой. Әрине, теңіздің ащы суын тұщытатын тәсіл бар. Бірақ бұл технология өте қымбат, сол себепті, тек аса мұқтаж жағдайда ғана іске қосылатын көрінеді. Керек десеңіз, суға қатысты зәрулік дамыған елдерге де тән. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының таратқан ақпарына қарағанда, Еуропа халқының 15 пайызы ішуге жарамды су көзі мүлдем жоқ аймақтарда тұрады екен. Ғалымдар климаттың жылуы әсерінен Арктика мен Ан­тарктидаға қоса, тау шың­дарындағы мұз атаулының еруі ақыр соңында Оңтүстік Азия мен Латын Америка­сындағы біраз мемлекетті тұщы су жөнінен тығырыққа тіреп тынады деседі. Әйтеуір, сарапшылар енді елу жылдан соң ауызсудың тапшылығы бүкіләлемдік сипатқа ие болатындығын айтып, қара бұлтты төндіруде. Тіпті PoIaris Тони зерттеу орталы­ғы­ның директоры Кларк «Жыл сайын айқын сезіле бас­тай­тын тұщы су тапшылығы – адамзат өміріне төнген елеу­лі қатер» деген пікірде. Ал Калифорния универ­сите­тінің (АҚШ) саясаттану­шы­лары ХХІ ғасырда дүниежү­зілік соғыс бола қалса (оның бетін әрі қылсын, әрине), әсте мұнай-газ үшін емес, тұщы судың табиғи көзін мол қар­пып қалу үшін болуы әбден ықтимал деген болжамды батыл алға тартып отыр. Бұл – негізсіз әңгіме емес. Қа­рулы қақтығысқа мем­ле­­­кетаралық, яғни транзиттік өзен­дер түрткі болуы әбден кәдік. Ондай өзендердің қа­тарына Еуропада Дунайды, Кіндік Азияда Әмударияны жатқы­зуға болады. Қазірдің өзінде Қырғыз Республикасы өз аума­ғындағы ГЭС-тің өнді­ріс­тік мүддесі үшін өзен суын бөгеп, көрші елдердің нара­зылығына ұшырап отырғаны белгілі. Әскери стратегтер ал­дағы он шақты жылда Әму­дарияның бойындағы гидро­техникалық қондырғылар зымырандық соққыға немесе бомбалауға ұшырауы мүмкін деген пікір айтып жүр. Ал бастауын ханзу елінен алып, балығын қазаққа әкеліп беретін Ертіс пен Іленің тағдыры әуелі Құдайдың, сосын Қытайдың қолында. Өйткені қысық көз көршіміз соңғы кездері жасанды су қоймаларын салумен тым әуестеніп кетті...» (Б.Ғұбай­дул­лин, «Жаныма жақын жа­ғалау», 79-85-беттер).

Міне, осыдан 13 жыл бұ­рын осылай деп жанұшыра дабыл қаққан қаламгер енді өзінің туған ауылы Қызыл­жардың іргесіндегі Жезбұға көлін құтқарайық деп шаруа айтып, ұран тастап отыр. Автор тек мәселе көтеріп қана қоймай, білікті маман­дарға жолығып, күрмеуі көп күрделі шаруаның шешімін ұсынуды да ескерген.

Жезбұға – өзім жағасында өмір есігін ашқан Ақ Жайық­тың есте жоқ ескі замандағы бұрынғы арнасы, яғни Жа­йық­тың «кәрі апасы». Өмір бойы өлең-жырыма ар­қау етіп келе жатқан Жайық­тың жағдайы да мәз емес. 


Жезбұға – өзім жағасында өмір есігін ашқан Ақ Жайық­тың есте жоқ ескі замандағы бұрынғы арнасы, яғни Жа­йық­тың «кәрі апасы». Өмір бойы өлең-жырыма ар­қау етіп келе жатқан Жайық­тың жағдайы да мәз емес. Сар­қылып қала ма деп қор­қа­мын. Жылма-жыл ұлты­мыз­дың ұлы өзенінің тағ­дыры үкі­метаралық, мемле­кетара­лық деңгейде талқы­ланға­ны­­мен, әлі күнге дейін ауыз тол­тырып айтатындай тия­нақты іс тынған жоқ. Депутат­тар да, басшылар да ештеңе бітірген емес. Соған қарамас­тан, автор сүйгеніне қосыла алмай зар илеп, суға батқан Жезбұға сұлудың көз жасын­дай көлді құтқарудың нақты жолын ұсынған. Жалпы, об­лыс аума­ғындағы көл атаулы­ның бәрі көзі­міздің қарашы­ғындай қор­ғауға зәру. Осы тұрғыдан келгенде экология саласын­дағы басшылардың мықтап ойланып, нақты әре­кет­ке көшер кезі жетті-ау, осы.

Жезбуга.jpg


Ендеше, жағасындағы бір­неше ауылды табиғатының әдемілігімен, тұрмыс-тір­ші­лікке қолайлы, шаруаға жай­лылығымен жерұйыққа ай­налдырған Жезбұғадан айы­рылып қалмайық, аға­йын! Жазушының жанай­қа­йына атқамінер азаматтар уақ­тылы құлақ асып, нақты шара қол­данып, тиянақты шаруа тын­дырар деп үміттенемін.

 

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты