«Праймериз – пайым мен парасат өлшемі» – Мархабат Байғұт
«Праймериз – пайым мен парасат өлшемі» – Мархабат Байғұт
Фото: Интернеттен алынды
Өтініш бергендердің үшеуі – әйелдер. Сонымен бірге үміткерлер қатарында 35 жасқа дейінгі 17 жас бар. Кейінгі буын жастардың жетекші партия бастамасын қолдап, праймеризге қатысуы бұл саяси доданың маңызды екенін аңғартады.    width= Праймеризге тіркеудің алғашқы күні, яғни 17 тамызда Сайрам ауданы тұрғындарының белсенділігі жоғары болды. Мұнда 5 азамат үміткер ретінде тіркелді. Сонымен бірге Ордабасы, Сарыағаш, Келес, Түлкібас және Сарыағаш аудандарында да праймеризге қызығушылық жоғары. Бұл аудандарда 4 үміткердің құжаттары қабылданған. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев өңірде праймеризге дайындық талапқа сай жүргізілгенін атап өтті. Кадрлық резервте әйелдердің үлесін кем дегенде 30, ал жастардың үлесін 20 пайызға жеткізу бастамасын қоғам тарапынан қолдауға ие болғанына тоқталды.    width= «Партия Төрағасы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасына сәйкес қолға алынған праймеризде әйелдер мен жастар қауымына да үлкен мүмкіндік беріліп отыр. Праймериздің алғашқы күні түркістандық жастардың белсенділігі байқалды. Әлі де қатысуға ниет білдіріп жатқандары көп. Біз осы азаматтар арасынан елге жанашыр, нағыз патриоттарды іріктеп алуымыз керек», – дейді ол. Бүгінгі өтіп жатқан науқанға қатысты ел азаматтарының пікірін сұрадық.    width= Белгілі жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы «Miras» қоғамдық кеңестің төрағасы Мархабат Байғұт ағамыз «праймериз – парасат пен пайым өлшемі» деп праймеризге қатысты мынадай пікірін айтады: «Әділеттілікке жету жолында адамзатыңыз, бүкіл әлем әзірше сайлаудан артық, одан да гөрі жетілдірілген жақсы әдіс ойлап таба алған жоқ. Сол сайлауыңыздың өзі демократиялық  талаптарға сай және әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес үнемі жаңартылу, жаңғырту үстінде. Өзгеріп өңдеңуде. Ұлы Абайдың өзі сайлаудан көңілі қалыңқырап, «назначение» дұрыс болар еді  деп мойындаған ғой.    width= Біздің елде де түрлі сайлаулар  барған сайын жетілдіріле түсуде. Қазіргідей партиялық жүйемен жүлгелеу, праймериз өткізу де – ізгі ізденістердің жемісі. Праймериз халық қалаулылары болатын, сол сапалы билікке лайық тұлғаларды таңдауда таразылық рөл атқаратыны аян. Үміткерлер үшін үлкен сын. Көшбасшы болмаққа ұмтылатындардың ұсынылғандардың арасынан іргелілер іріктеледі, саңлақтар сұрыпталады. «Праймериз – пайым мен парасат өлшемі»  деп отырғанымыздың  мән- мәнісі түсінікті деп ойлаймыз. Қай-қандай пікірталаста да кім-кімнің де деңгей-дәрежесі, болмыс-бітімі, пайым-парасаты аңғарылып, кімнің кім екені айқындалып қалады. Әл-Фарабидің бәйекшіл парасат, әрекетшіл парасат, пәрменді парасат деп анықтама беріп, талдама жасауының өзі талай тұспалдармен астарларды меңзейді. «Кемелді бәйекшіл парасат» анықтамасы болашақ депутаттардың сапасына берілген сипаттамасы секілді. Сезіледі. Бізге.», - деді Мархабат Байғұт. Осы орайда праймеризге қатысып, сайлауда жеңіп шыққан жағдайда өңірдің дамуына өз үлесін қосқысы келуді мақсат тұтқан облыстық мәслихаттың депутаты және Мақтарал ауданының құрметті азаматы, өңір тұрғындарына көмтеген қайрымдылықтар жасап жүрген меценат Нұралы Абишов былай дейді. «Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда - Үкімет тарапынан орта және шағын бизнестегі өнім өндіруші кәсіпкерлерді қолдауды күшейтіп, экономикадағы кәсіпкерлердің үлесін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға жеткілікті қаржы бөлуіне ұсыныстар беру. Ауыл шаруашылығы саласын, сонымен бірге ауылдық жерлердегі инфрақұрылым мен әлеуметтік жағдайларды ретке келтіруге үлес қосу. Мемлекеттік бағдарламалардың сапалы және уақтылы орындалуына  партиялық бақылау орнатып, оған депутаттық фракция мүшелері арқылы қадағалау жүргізу. Аграрлық секторды қаржылай қолдау көлемін арттырып, халыққа қызмет көрсету сапасы, ауыл шаруашылық саласы, тұрғын үй мәселелері, мәдениет және спорт саласы, коммуналдық және әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасау. Осы уақытқа дейін сайлау округіме қарасты барлық елді мекендердегі мектеп, фельдшерлік амбулатория сияқты әлеуметтік нысандардың жобаларының  дайындалуынан  бастап, құрылысына бюджеттен қаржы бөлінуіне атсалысып келемін. Ауыз сумен қамтамасыз ету, мектептер, фельдшерлік амбулаториялар салу  мәселелері де біршама шешілді. Қазіргі таңдағы елдегі жағдайға байланысты елдің негізгі сұранысы - табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жобасы дайын тұрған біршама елді мекендерге газ құрылысына қаржы бөлінбей тұр. Дегенмен жағдай тұрақталған бойда ол мәселелер қолға алынады деп ойлаймын», - дейді Нұралы Алмаханұлы. Айта кету керек, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы праймериз өткізуге бірнеше айдан бері дайындық жүргізді. Аудан, қалаларда ұйымдастыру комитеттері құрылды. Қазір Түркістан облысында  80 000-нан астам партия мүшесі бар. 245 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Негізгі жұмыс осы бастауыш партия ұйымдары арқылы жүргізіледі. Дауыс беру процесі 209 учаскеде өтеді. Оның  179-да онлайн дауыс беру қолданылса, қалған 30 учаскеде қағаз бюлетендер қолданылады. Жалпы дауыс беруге және дебаттар өткізуге 209 орын әзірленген.