Жемқорлар көп, оқушыларда ноутбук жоқ
Жемқорлар көп, оқушыларда ноутбук жоқ
© коллаж: Елдар Қаба
198
оқылды
Тамыз айының басындағы Үкі­мет отырысында Премьер-Ми­нистр Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне 500 мың компь­­ютер алып, қашықтан оқи­тын оқушыларды уақытша қамта­ма­сыз ету жайында тап­сыр­ма бер­­­­­­­­ген болатын. Ізін ала әр өңірдегі әкімдіктер компью­тер алу үшін қаржы бөле бас­таған. Атап айтсақ, Алма­тыда мұға­лімдер мен оқушы­ларға 10 мың­нан астам компьютер тара­тылды. Деген­мен әлі 3 мың оқу­шыға онлайн білім алу үшін ноут­­бук жетіспейтіні анық­талды. Ал Маң­ғыстау облысында оқушы­ларға 30 641 дана компью­тер қажет болса, елорда әкімдігі 35 мың компь­ю­тер сатып алмақ. Одан бө­лек Ақмола облысының бір ғана Жақ­сы ауданында 244 оқу­шыда ноутбук жоқ екен. – Үкімет есебінше, оқушы­ларға 500 мың компьютер же­тіспейді. Яғни, республика кө­ле­міндегі тап­шылық осынша дең­гейде. Ай­мақ­тардағы мектеп­тер Білім бас­қар­маларына қарай­ды. Сон­дық­тан әр өңір тапшылық көле­мін анық­тап, компьютер мен ноут­­бук сатып алу­ды жүзеге асы­рып жатыр. Компь­ю­терлер мек­теп балансына бері­леді. Со­сын мектеп пен ата-ана ара­сында құ­жаттама толты­рылып, оқушыға уақытша тапсы­рылатын бола­ды, – дейді Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек. Осылайша, тапшылықты жою үшін әкімдіктер бюджет қаржысын шығындап жатқанда, шетінен жырып отырған шенеуніктер ұсталып жа­тыр. Жуырда Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында оқушылар үшін сатып алынуы тиіс 100 ноутбукке бөлінген 6 млн тең­ге қаражат қолды болған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­­тігінің хабар­лауын­ша, аудан­дық білім бөлімін­дегі шенеу­ніктер мердігер ұйым­мен бір­ле­сіп қаржы­ны жымқырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып кеткен. Бірақ оқу жылының тақап қалғанын ескерсек, ноутбуксыз жүр­ген оқу­шылардың қайтпегі белгісіз. 15 тамызда Жаңаөзен қала­сында Білім басқармасы бір мек­тепке 14 ноутбук сатып алу үшін 23,3 млн теңге бөлгені анық­талды. Сонда бір ғана ноутбук құнын 1 млн 600 мың теңге деп көрсет­кен. Нарықтағы орташа бағадан ша­мамен 10 есе қымбат. Осындай заңсыздық үшін қалалық Білім бас­қар­масының бас есепшісі қа­таң сөгіспен ғана құтылған екен. Білім саласындағы жемқор­лық еш тыйылмағаны анық. Мы­салы, шілде айында Нұр-Сұлтан қаласы­ның сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл департа­менті жарты жыл­­­­­дық­тың қо­ры­тын­дысын жа­рия­лады. Бас қа­ла­ның білім сала­сындағы жем­қор­лығы адам шо­шыр­лық. Білім бас­­қармасы қаржы жым­қырудан алғашқы орындар­дың біріне шық­қанға ұқсайды. Лауа­зымды тұлғалардың құнық­қаны сонша «A4» форматты ақ қағаз­дың өзі­нен ақша жымқыр­ғысы келген. Басқарма қағаздың 1 бу­масын 2 679 теңгеге сатып ал­дық деп көр­сеткен. Ал нарықта бұл қағаз­дың шекті құны 1 400-1 500 тең­геден аспайды. Нарықта бір пар­та­ның құны 16-20 мың теңге болса, басқарма 53 мыңнан алдық деп есеп берген. 6-10 мың теңге тұра­тын орындықты 12 мың деп бел­гілеген. Осы секілді қара­па­йым заттардың бағасын көтеру арқылы басқарма 60 млн теңге пайда көр­мекке ниеттеніпті. Абы­­рой бол­­­ған­да, заңсыздықтың жолы кесі­ліп, 29 лауазымды тұлға жауап­қа тартылса, 4 адам қызме­тінен боса­­­тылған. Басқарма өкіл­дері­нен мек­теп ди­рек­торлары да қа­лыс қал­­маған. 2 мектептің ди­рек­торы 10 млн тең­гені қоны­шына басып­ты. Бір ғана қаланың білім сала­сы осы секілді былыққа кө­мілгенде, білім сапасы жайлы ауыз толтыра айту бәлкім әбестік болар.  

Маңғыстау облысында оқушы­ларға 30 641 дана компьютер қажет болса, елорда әкімдігі 35 мың компь­ю­­тер сатып алмақ. Одан бө­лек Ақмола облысының бір ғана Жақсы ауданында 244 оқушыда ноутбук жоқ екен.

  Құқықтық статистика орган­дарының дерегіне сенсек, 2019 жы­­лы жемқорлық қылмыстары үшін 1002 лауазымды тұлға соттал­ған. Оның басым бөлігі білім мен ме­дицина саласындағы­лар екен. Дәл осы екі саладағы жемқорлық көбі­не жұмысқа орналасу кезінде бо­лады-мыс. Еліміздің білім беру меке­мелерінде «Адалдық негізде­рін» міндетті түрде оқыту ұсыны­лып жатыр. Алайда адалдықты әуе­лі осы сала маман­да­рына дәріп­теу керек сынды. Шенділер 2018 жыл­­дан бері 37 мектеп пен 70 бала­бақшаға татитын 74,6 млрд теңгені қалтасына басқан. Сонымен қатар елімізде жем­қор­­лық­қа батқан жоғары оқу орын­дары, университеттер де же­тер­лік. 2019 жылы 15 мың сту­дент­ке жүргі­зілген сауалнама нә­ти­жесінде жем­қорлық фактісі ең жиі кездесетін 5 уни­верситет анық­­талған. Олардың қатарында бетке ұстар оқу орын­дары да бар. Атын атап, түстеп айтар болсақ, Х.Дос­мұхамедұлы атындағы Атырау мем­лекеттік университеті, Аты­рау мұ­най және газ университеті, Қа­ра­ғанды мемлекеттік медици­на­лық уни­верситеті, М.Оспанов атын­­­дағы Батыс Қазақстан мем­лекеттік меди­циналық универ­ситеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтө­бе өңір­лік мемлекеттік уни­верси­тетінің оқытушылары жақсы баға қою үшін ақша алатынын сту­дент­тер сауал­намасы дәлел­деген. Сонымен білім сапасынан жақ­­­­­сартып, қазіргі эпидемиялық ах­уал­­ға байланысты компьютер тап­­шылығын жою үшін тағы да жем­­қорлық жол тосып шыға кел­ді. – Қашанда тапшылықтың ал­дын алып отырған жөн. Мысалы, 1-2 айдың шамасында халыққа дәрі жетіспей, шу болғанын біле­міз. Содан сабақ алдық па? Алдағы уа­қытта қашықтан оқитын бала­ларға компью­тер жетіспейді, бұл жағдай­дың болуы әбден мүм­кін. Білім және ғылым министрлігінің мәлі­метінше, оқушы­ларға 700 мың компью­т­ер жетіспей­тінін құлағы­мыз шалды. Сол себепті көпбалалы отбасыларға компьютер қажет. Жа­уап­­тылар осы мәселені бақы­лауы тиіс. Әйтпесе, бір үйдің төрт баласы бір ғана теле­фонмен сабақ оқы­ға­нын көрдік қой, – дейді журналист-блогер Рахат Жақсы­бай. Қайткен күнде де білім сала­сын­дағы жемқорлық жойылмай, білім сапасына иек арту бекер. Ал жаңа оқу жылында қашықтан оқи­­тын оқушыларға компьютер мен ноутбук жетіспей жатса, тап­шы­лықты қолдан жасадық деген сөз, дәл дәрі тапшылығы секілді.  

Мадияр ТӨЛЕУ