«Қазақфильмде» кімнің өші бар?
«Қазақфильмде» кімнің өші бар?
Алматы қалалық Төтенше жағ­дай департаментінің мә­лім­етінше, өрт туралы хабар түскеннен кейін оны сөндіруге қажетті техника оқиға орнына 7 минутта жеткен. Өрт сөн­дірушілер келген сәтте «Қазақ­фильм» аумағында декорацияға арналған темір қалқаның ас­тына салынған құрылыс ма­териалдары лаулаған оттың ор­та­сында болған. Өрт шыққан жердің ауданы 400 шаршы метрді құрайды. Алғашқы ошақты сөн­діру кезінде киностудия ау­мағында ауданы 200 шаршы метрді құрайтын ағаш ғимарат – «Шайбан Шах сарайы» деко­рациясы жақтан екінші өрт оша­­ғы байқалған. Өткен айда ғана Шәкен Айманов атындағы «Қазақ­фильм» АҚ президенті болып тағайындалған режиссер Ақан Сатаев өртті әлдекімдер әдейі жасағанын мәлімдеді. «Мен қазір «Қазақ хандығы» фильмі түсірілген жерде тұр­мын. Өкінішке қарай, бұл жер өртеніп кетті. Отқа оранған екін­ші нысан – орман қоймасы. Мұны әдейі біреу өртеді деп есептеймін. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Біз қылмыскерлерді табамыз деп ойлаймын» деген Ақан Сатаев киностудияны отқа орағандар көп ұзамай табылатынына сенім білдірді. «Өрт сөндірушілер мен осы қиындықтан шығуда тез әрі тиімді әрекет еткен қала билігіне алғысымды білдіргім келеді. Қолдау сөздерін айтып жатқан баршаңызға алғысымды білдіремін. Бұл бізге күш береді. Нәтижесінде бәрі жақсы болады деп үміттенемін», – деді ол. Кинорежиссер, Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдірашев те әріптесі­нің ойын құптайды. «Бұл – кез­дейсоқ болған өрт емес. Өйт­кені «Қазақфильм» аума­ғындағы екі нысан бір-біріне жалғасып жатқан жоқ, үлкен қашықтықтағы нысандар бір мезетте өртенуі мүмкін емес. Менің ойымша, бұл қандай да бір ұйымдасып қойылған өрт», – дейді ол. Қос режиссердің сөздерінің жаны бар, өйткені өрт шыққан екі ошақтың арасы 800 метр. Қатты қызған жалын өрттің тез таралуына ықпал еткен. Жедел арада қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірілді. Абы­рой болғанда «Қазақфильм» кино­студиясының әкімшілік ғи­маратына өрттің таралуына жол берілген жоқ. Аяқ астынан шыққан өртті сөндіруге ТЖД және полиция қызметкерлеріне Nomad каскадерлар тобы мен студияның кейбір қызмет­керлері көмектескен. Қызыл жалынды ауыздықтауға 53 қыз­меткер мен 16 техника жұмыл­дырылды. Төтенше жағ­дай қыз­меткерлерінің айтуынша, өрттің нақты шығу себебі әлі белгісіз. Зерттеу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. «Болған жағдайға байла­нысты арнайы сараптама та­ғайын­далды. Полиция депар­таментінің жедел-тергеу тобы мен өрт зертханасы зерттеу жұ­мыстарын жүргізуде. Ма­териалдар әзірленіп, әрі қарай Полиция департаментіне жібері­леді. Сараптамалық-зерттеу қо­рытындысы бір айдан кейін дайын болуы мүмкін», – дейді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова. «Қазақфильм» киностудия­сында болған төтенше жағдайға байланысты Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматыға жұмыс сапарымен ке­ліп, жағдаймен танысты. Кез­десу барысында өрт шыққан орын­дарда тексеру жүргізіліп, жа­уапты мекеме өкіл­дері өрт­тің пайда болу себебі мен хро­нологиясы туралы баян­дама жасады. Ақтоты Рах­метоллақызы өртті сөндіруге қа­тыс­қан азаматтарға алғысын білдірді. Жасыратын несі бар, «Қазақ­фильм» киностудиясы төңір­егінде соңғы жылдары біраз әңгіме өр­бігені рас. 2005 жыл­дардан бері киностудияны басқа жер­ге көшіру жоспарланып, ақыры жекешелендірілетін ны­сандар тізіміне қосылған. Алайда Қа­зақстанның Халық артисі, КСРО Халық артисі, қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов бас­таған еліміздің бір топ кине­матографистері мен қоғам қай­раткерлері «Қазақфильм» акционерлік қоғамы орна­лас­қан жер ірі құрылыс ком­панияларының бірінің мен­шігіне өтіп кетуі мүмкін еке­нін айтып, алаңдаушылық білдір­ген. Өйткені киностудия Ал­ма­ты қаласының қымбат деп есеп­теле­тін жоғарғы бөлі­гінде ор­наласқан. Осы жылдың ба­сында «Қазақфильм» жеке­шелендірілетін республика мен­шігіндегі ұйымдар тізімінен алынды. 19 гектар жерді алып жатқан «Қазақфильм» аумағында екі па­вильон киноға тү­сіру ғи­мараты, сол сияқты деко­ративтік-тех­никалық, өндірістік-лабора­ториялық құрылыстар, дыбыс студиясы бар. Қазақ кино­сының тарихынан сыр шер­тетін киелі орынның ел үшін ма­ңызы зор.  

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ