Шымкентте инфрақұрылым жаңарып келеді

Шымкентте инфрақұрылым жаңарып келеді

 

Ауызсудың азабынан құтылды

Қала әкімінің шалғай ор­нал­асқан елді мекендерді инфра­құрылым жүйелерімен қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәй­кес, Әл-Фараби ауданындағы Текесу тұрғын алабында бүгінде инфрақұрылым мәселесі өз ше­шімін тапты. Атап өтер болсақ, ағымдағы жылы аталған тұрғын алапқа шағал тас, 3 кө­шеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал өткен жылы негізгі көшесіне де­меушілер тарапынан жарық ба­ғаналары орнатылған болатын. Текесу тұрғын алабының тұр­ғындары мұның алдында ғана элек­тр және газ жүйесімен толы­ғымен қамтамасыз етілген еді. Ал үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында ауызсу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюд­жеттен 17 млн теңге қаржы қа­­ралыпты. Бүгінгі  таңда жөндеу жұ­мыстары аяқталып, тұрғындар таза ауызсуды тұтынып отыр. Үшінші мегаполистегі Абай ауданында дәл осындай таза ауызсу мәселесінде күрделі мәселеге ай­налған 8 нысанда құрылыс жұ­мыс­тары жүруде.Олардың қа­тарын­да 5 тұрғыналап пен 2 ша­ғынаудан бар. Сонымен қатар, Жи­делібайсын және Гагарин кө­шелерінің қиылысы­нан Көк­бұ­лақ тұрғын ала­бына дейінгі 28,3 шақырымды құрайтын магис­тральды су жүйесінің құрылысы да кестеге сәйкес атқарылуда. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай ауданы тұрғындарының 78,5 пайызы ауызсумен қамтылған.  Аталған  құрылыс жұмыстары аяқ­талған кезде ауданда ауызсумен қамтылатын елді мекендер саны 31-ге жетіп, 87 пайызды құрай­тын болады. Жыл соңында Жа­ңаталап, Игілік,  Қызылжар,  Тәуелсіздікке – 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алабындағы 3 500-ге жуық отбасы сапалы ауызсуға қол жет­кізеді. Қазіргі таңда мердігер ком­паниялар өздеріне бекітілген жұ­мыстарын қарқынды жүргізіп жа­тыр. Ал Ынтымақ-2 және Батыс ша­ғынауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталмақ. Осы мақсатта биыл бюджеттен 280 миллион тең­ге қар­жы бөлініп отыр. Ал Солтүстік сая­жай  шағынауданын ауызсумен қамту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары да­йындалса, ақтастықтарға тіршілік нәрін жет­кізу үшін тиісті құжаттар да­йын­далуда. Бұдан бөлек, Құрсай ша­ғынауданын  (магистральды және ішкі жүйелер құрылысы), Қызылжар және Ынтымақ шағын­аудандарын ауызсумен қамту жос­парлануда. Келер жылы Асар-2 шағын­ауданының тұрғындары да ауыз­сумен толық қамтылатын болады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйт­енов азаматтарды онлайн қа­был­дау барысында айтты. Қа­былдауға жазылған қала тұр­ғыны Гуля Минтаева: «Біздің ша­ғынауданның тұрғындары 7 жыл­дан бері ауызсуды тасып іше­ді. Аптасына бір рет келетін су тұрып қалады. Бұл денсаулыққа зиян келтіруде. Ең бірінші осы мәселені шешіп беруіңізді сұ­раймыз», – деді ол. Бұл мәселе бо­йынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас­шысы Жолшыбек Шайхсламов  «Асар-2» тұрғындарын сапалы ауызсу жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары бас­талғанын атап өтті. Басқарма бас­шысының айтуынша, жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Биылғы жылға оның 350  млн теңгесі бө­лінген. Бекітілген қаржыға жыл­дың соңына дейін 1 мектеп пен 300 тұрғын үй ауызсу жүйесіне қосылады екен. Ал қала басшысы «Асар-2» елді мекенін ауызсумен толық қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңге қаржы керегін, алайда  бү­гінгі таңда бюджет жылдың ба­сында бөлінетін болғандықтан, ауданды толығымен ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары уа­қыт­ша тоқтап тұрғанын атап өт­ті. «Дегенмен ақшаны үнемдеп, тиісті жұмыстарды жүргізуге ба­ғыттаудың тиімді тұстарын қарас­тырамын. Бұл мәселе келесі жылы толық шешімін табады», – деді ол. Сондай-ақ сала басшысына ауызсу жүйесін тартудың жоспарын қай­та қарап шығу жөнінде нақты тап­сырма берді. Осы жиын кезінде бар­­лық мәселе кезең-кезеңімен ше­шілетіні айтылды.  

Табиғи газ тұтынушылар қатары көбеюде

Шаһарда инфрақұрылымы өзекті болып жүрген аймақтың бірі– Сәуле шағынауданы. Ша­ғынаудандағы 276 орам  Сайрам ауданынан қосылған. Бүгінде онда 700-ге жуық тұрғын бар. Алайда бұл маңда биылға дейін ауызсу, жа­рық, жол мәселесі өзекті болып келген.  Қала әкімі Мұрат Әйтенов көп жылдан бері күрмеуін таппаған инфрақұрылым проблемасын өзі­нің тікелей бақылауына алып, жа­уапты мекемелерге тапсырма берген болатын. Нәтиже көп күт­тірмеді. Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бес шақы­рым жолға шағал тас төселді. Бұ­дан бөлек, осы 276 орамды элек­тр жүйесімен қамтамасыз ету мақ­сатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуат­тылығы 160 кВт көтеретін транс­форматор орнатылып, 150-ге жуық тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіліп отыр. Ал аумақты сапалы ауыз­сумен қамтамасыз ету үшін де­меушілер тарапынан 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыс­тары жүргізіліп, ауызсу жү­йесі тұрғындардың игілігіне пайда­лануға берілді. Енді  276-орам-ды инженерлік-инфра­құрылыммен толық қамтамасыз ету үшін жо­балық-сметалық құжаттамасы да­йындалып жатыр. Жоспар бойын­ша құжат жыл соңында дайын бол­уы тиіс. Қаладағы қарқынды жұмыс­тың бірі Қаратау ауданында ат­қарылуда. Тұрғын үйлерге табиғи газ берілгенге дейінгі барлық жү­йе­лердің дайын болуы үшін құ­рылыс жұмыстары қыза түскен. Нақтырақ айтар болсақ, наурыз айында Тұран шағынауданын  табиғи газбен қамтамасыз ету бо­йынша магистральды жүйенің құ­рылысы басталған болатын. Stroy­GazCompany компаниясы жұ­мыстың 1-кезеңін қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр. Сон­дай-ақ Қайнарбұлақ тұрғын алабында да магистральды газ құ­бырының құ­рылысы жүргізілуде. Достық және Асар шағынауданы тұрғындарының да көгілдір отынға қол жеткізер уақыты алыс емес. Қазір Достықта 46,06 км құрайтын, ал Асар шағынауданында 50,4 км болатын ішкі орамдық жүйелердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы­нау жұмыстарды атқарып жат­қан «Газовое хозяйство Шымкент газ» ЖШС мен  «Отау Строй» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің құрылысшылары ауқым­ды  құрылысты келесі жылы толы­ғымен аяқтауға уәде беріп отыр. Сонымен қатар Азат шағын­ауданында табиғи газ жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін  2020 жылға жергілікті бюджеттен 30,7 млн теңге қаржы қаралған. «Ынтымақ бес арыс» компаниясы құрылыс жұ­мыстарын мамыр айында бас­тады. Құны 236,3 млн теңгені құ­райтын жоба құрылысы кесте бойынша келер жылы аяқталуы тиіс. Ал құрылысы  сәуір айында басталған орташа жол жөндеу бүгінде аяқталып жатыр. Ұзын­дығы 7 шақырымнан асатын іш­кі көше жолдарының құрылыс жұ­мыстары толығымен аяқталды.  Бүгінде әрбір атқарылып жатқан жол құрылысы жұмыстары қала әкі­мі Мұрат Әйтеновтің қатаң ба­қылауына алынған. Бүгінгі таң­да Шымкент қаласындағы Қа­ратау ауданы, Сайрам тұрғын алабындағы ені 5 метр, ұзындығы 1,8 шақырым болатын Фурхат, Атой 1,2,3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүрді. Сондай-ақ дәл осындай қашықтықтағы Еңбекші ауданы, Маятас тұрғын алабы Жел­тоқсан көшесіне де «Теміртас» ЖШС-і жөндеу жұмыстарын жүр­гізді. Бұдан бөлек, Қаратау ауданы, Бозарық тұрғын алабы Ұста Мұ­хаммед көшесінен басталатын атауы жоқ көшеде, Абай ауданы, Ынтымақ шағынауданындағы Қа­расу көшесінде де жөндеу жұ­мыстары аяқталған. Жалпы, биыл Шымкентте 240 нысан, 314,7 ша­қырым жол, 7 көпір, 1 жаяу жүр­гіншілер өткелі пайдалануға бе­ріледі деп күтілуде.  

Жарыққа жаритын болады

Жоғарыда атап өткеніміздей, Шымкент қаласында жарық мә­селесі де өзекті болып келеді. Се­­бебі қала шетіндегі шалғай ау­мақ тұрғындары өздіктерінен же­кеменшік трансформатор қойып алған. Ал талапқа сай келмейтін бұл электр жүйесі көбіне тұрғындардың толық сапалы жарықпен қам­тылуына күші жетпей, жиі істен шығып жатады. Осынау түйткілді мәселенің де түйіні тарқатылар шақ алдағы күндердің еншісінде тұр.   Мәселен,  Қаратау ауданында 47 мыңнан астам тұрғын болса, оның 80,8 пайызы мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал қалған 19,2 пайызы жекеменшік транс­форматордан қуат алады екен. Бүгінде Қаратаудағы бірнеше шағынауданда электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жа­тыр. Нақтырақ айтар болсақ, Дос­тық шағынауданындағы электр же­лілерінің құрылысына 2019 жылы бюджеттен 400 млн теңге қарастырылып, жұмысы басталған болатын. Биыл тағы 240,6 млн теңге бөлініп, электр бағаналары орнатылып жатыр. Жалпы жоба құны 848,1 млн теңгені құрайды. Мердігер «КазАльфаСтрой» ком­паниясы электр желісін келер жыл­дың қараша айында құрып бітіруі тиіс. Олар 47 шақырым желі мен 13 дана КТП орнататын болады. Бұдан бөлек, Қаратау ауданын­дағы Тассай, Азат, Қайтпас ша­ғын­аудандарында да электр баға­наларын орнату жұмыстары жү­ріп жатқанын айта кеткен жөн. Тұран шағынауданындағы элек­тр жарығы құрылысына биыл­дың өзінде  256,3 млн теңге қарас­тырылып, «АБМ Билдинг» ЖШС тарапынан жұмыстар бас­талды. Жалпы құны 2 млрд-тан аса­тын жобаның жұ­мыстары 2021 жылы қараша айын­да бітіп, қол­данысқа беріледі. Ал Асар-2 ша­ғынауданындағы эле­ктр же­лілерінің құрылысына өткен жылы бюджеттен 700 млн теңге қарастырылса, биыл 474,8 млн тең­ге бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Құны 1 млрд-тан асатын қуат желісін «Ремстрой Алматы» ком­паниясы осы күзде салып бітуі қа­жет. Алдағы күндері Қаратау ауданындағы Тассай, Азат, Қайтпас шағынаудандарында да электр бағаналарын орнату жұ­мыстары жүретінін айта кеткен жөн.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы