Үміткер қиын-қыстау кезде қол ұшын созуға дайын – ПРАЙМЕРИЗ 2020
Үміткер қиын-қыстау кезде қол ұшын созуға дайын – ПРАЙМЕРИЗ 2020
148
оқылды
Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы бойынша алғаш болып құжат тапсырған «Ұлы Орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қайрат Сүлейменов Түркістан облыстық мәслихатының ең жас депутаттарының бірі. Енді ол өзінің тұрғылықты мекен жайы бойынша Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер болып отыр. – Дәл мынандай қиын-қыстау кезеңде облыс, қала деп бөлмей елге қол ұшын созуымыз керек. Арыста қайғылы оқиға орын алған сәтте де сол жерден табылып, халыққа барынша көмектестік. Енді елімізде болып жатқан пандемия кезінде халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөліп, билік пен халық арасында алтын көпір болуға дайынбыз. Праймериз бойынша құжатымды оңай, әрі тез  тапсырдым. Ары қарай жұмысымызды жалғастыра береміз, – дейді Қайрат Мұсаханұлы.

Н. НАЗАРБЕК.