Ауруханадан компьютер ұрлаған
Ауруханадан компьютер ұрлаған
135
оқылды
Шардара аудандық полиция бө­­ліміне аудандық орталық ауру­ханада ұрлық болғаны жөнінде ха­барлама келіп түскен. Арызда белгісіз адам ауруханаға қабылдау есігі ар­қылы кіріп, ашық қалған мәжіліс залында тұрған бір дана компьютерді (моноблок) клавиатурасымен қо­сып ұрлап кеткені көрсетілген. Кел­тірілген шығын көлемі – 230 мың теңге. Аталған жайт Қылмыстық кодекс­тің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Ұрлықты ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылған. Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде, ауруханаға тиесілі тех­никалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке басын анықтап, ол ау­дан көшелерінің бірінен бір сағат ішінде табылды. Бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұрлаған ком­пьютерді азық-түлік дүкендерінің бірінен өзіне қажетті заттар алып, кепілге қойып кеткен. Айғақты зат­тар тәркіленіп алынып, заңды ие­сіне қайтарылды, – деп хабарлады аудан­дық полиция бөлімі. Қазір осы іс бойынша сотқа дейін­­гі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатпен босатылған.

М. ЖАЛҒАСҰЛЫ