Төрт айда 3,43 млрд теңге төленді
Төрт айда 3,43 млрд теңге төленді
124
оқылды
Коронавирусқа қарсы күреске қарастырылған қомақты  қаражат науқастарға медициналық кө­мек көрсетуге, медицина қыз­мет­керлеріне ерекше еңбек жағ­дайлары үшін қосымша ақы тө­леуге, стационар деңгейіндегі ПТР-диагностикаға, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық көмек деңгейіндегі ПТР-диагностикаға бағытталыпты. Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша фи­лиалы басшысы  медицина қыз­меткерлеріне ерекше еңбек жағ­дайлары үшін қосымша ақы төлеу сомасының едәуір артып,  бұл көр­сеткіш шілде айында 1,52 млрд тең­гені құрағанына да тоқталды. «Республикалық бюджет қара­жатынан Алматы облысының ме­дицина қызметкерлеріне қо­сымша ақы төлеуге 2,89 млрд теңге бөлінді. Ай сайын коронавирус инфекциясы бойынша 1 447-ден 5 362 қызметкерге дейін үстемеақы төленеді», – деп атап өтті ол. Жалпы,  науқастарды емдеуге 3 455 медицина қызметкері жұ­мылдырылған.  Ауыр науқастарға кеңес беру үшін аудандық және облыстық деңгейде облыстың же­текші мамандары тартылған екі ор­талық жұмыс істейді. Осы  аптада ауыр науқастардың саны 32% - ға азайып, жағдайдың  20% - ға  жақсарғаны байқалған.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы