Табыссыз қалғандарға 42 500 теңге төленіп жатыр
Табыссыз қалғандарға 42 500 теңге төленіп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
128
оқылды
18 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 миллион 570 мыңнан аса бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 миллион 353,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 миллион 343,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 миллион 570 мыңнан аса өтінімнің ішінде: – 834,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген; – 669,7 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 403,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 661,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы; – 0,3 мың адам штабтар арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 834,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта); – 255,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген; – 1 миллион 480,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 2 миллион 361 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 353,8 мың қазақстандыққа аударылды. Сондай-ақ, ведомство өкілдері Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленетінін айтып өтті. Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады. Өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады.