Праймериз халықтың проблемасын шешетін көшбасшыны анықтайды – Гүлшара Әбдіқалықова
Праймериз халықтың проблемасын шешетін көшбасшыны анықтайды – Гүлшара Әбдіқалықова
Фото: Интернеттени алынды
Құрметті қызылордалықтар! «Nur Otan» партияcымен Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет жалпыреспубликалық масштабта праймериз өткізілуде. Партияішілік іріктеудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мә­жілісіндегі және барлық дең­гейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелі және айқын негізде мықты көш­бас­шы­ларды анықтау. Бұл үшін нұротандықтар қоғамның сеніміне ие болған беделді партия көшбасшыларын өздері таңдайтын болады. Өкінішке орай, праймериз коронавирус пандемиясы кезеңімен сәйкес келді. Сондықтан ҚР Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы, «Nur Otan» партияcының Төрағасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың тапсырмасына орай партияның барлық күші коронавируспен күрес жағ­дайында қолдауға мұқтаж қазақ­стандықтарға көмекті ұйымдастыруға ба­ғытталып, праймериз жағдай­дың тұрақ­талғанына дейін кейінге қалдырылды. Осыған орай партияішілік іріктеуге арналған шаралардың басым бөлігін онлайн форматта өткізу тапсырылды. Қазіргі таңдағы жаңа цифрлық мүм­кіндіктерді халықтың қарқынды қолдануын ескерсек, онлайн-формат – партияның ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуге де мүмкіндік береді. Праймериздің бұл бас­ты ерекшелігі – партия бас­шы­лығының халықтың ден­саулығын қорғауға бағытталған шараларының жалғасы. «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасын басшылыққа алып отырған праймериз заңды, әділ, ашық, адал да бәсекелік не­гізде өткізіліп, халықтың өзек­ті мәселелерін білетін және оларды шешуге қабілетті нағыз көшбасшыларды анықтайтын болады. Мұнан бөлек, праймериз партияға қатыстылығына қа­ра­мастан, үміткерлердің бар­лы­ғына бірдей қоғамның мүд­делерін білдіруге мүмкіндік береді. Түрлі әлеуметтік топтар, әсіресе әйелдер мен жастар үшін бірдей мүмкіндіктер ұсынылған. Жалпы, праймериз өткізу қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды үдемелі демократияландыру проце­сінің айғағы болып табылады. Барлық шынайы патриот­тарды, бастамашыл және жауапкершілігі мол отандастарды аймақ пен елді қарқынды дамыту мен өркендету мақсатында праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!