Елім деген азаматтар белсенді қатысқаны дұрыс – Серікбай Трұмов
Елім деген азаматтар белсенді қатысқаны дұрыс – Серікбай Трұмов
Фото: Интернеттен алынды
Құрметті​ маңғыстаулықтар! Өздеріңізге мәлім, еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық деңгейде партияішілік іріктеу – праймериз басталды. Бұл – Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасының бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі. Алайда бүгінгі күнде Коронавирус​ пандемиясы адамзат өмірінің барлық саласына ықпал етті. Ол өмір салтын күрт өзгертіп,​ келешекке деген​ жоспарларға түзету енгізуге мәжбүрлеп отыр. Бірақ​ пандемия азаматтарды сайлау, елдің саяси өміріне араласу құқынан айырмауы тиіс. Қоғам барлық деңгейде жаңа талаптарға бейімделіп,​ икемді және алға оза жүріп жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан тамыз-қазан айларында​ праймериз барысында партияішілік іріктеуде онлайн форматта дауыс беру механизмін пайдаланатын боламыз. Біздің басты мақсатымыз – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамыздан басталып 29 тамызға дейін жалғасады. Кандидаттар праймеризге бастауыш партия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Бұл ретте партияның құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар, ережедегі талаптарға сай келетін азамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін «Nur Otan»-ның қатарына қосылу керек. 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі аралықта кандидаттардың үгіт жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізу қарастырылған. Пікірсайыстар партияның ресми аккаунттарында таратылатын «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы өтеді. Осыған байланысты партия Төрағасының тапсырмасымен онлайн-форматта дауыс беру үшін платформа әзірленді. «Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты күшейтуді, жұртшылықтың пікірін ескере отырып, түрлі бастамалар мен заң жобаларын онлайн-талқылау мүмкіндігін көздейді. 1 қазан (00-00) мен 3 қазан (14.00) аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады. Кандидаттардың рейтингтері көрсетілген праймериз нәтижелері 5 қазанда жарияланады. Сондықтан, елім деген нағыз отаншыл азаматтарды праймеризге белсене қатысқаны жөн. Себебі бұл біздің еліміз, бұл біздің Отанымыз! Сондықтан елімнің ертеңіне бейжай қарай алмайтын азамат ретінде барша белсенді азаматтарды праймеризге белсене қатысуға шақырамын! Еліміздің ертеңгі жетістігі – бүгінгі тындырымды тірлік пен лайықты таңдаудың жемісі екендігін әрдайым жадымыздан шығармағанымыз абзал.