Ең жас үміткер – 19 жастағы студент праймеризге қатысуға өтініш берді
Ең жас үміткер – 19 жастағы студент праймеризге қатысуға өтініш берді
170
оқылды
Ол қазір 19 жаста. Қалалық мәслихатқа сайлау кезінде оған 20 жыл толады, бұл праймериз ережелеріне сәйкес келеді.⠀⠀
«Мақсатым – қалалық мәслихатта жастардың өкілі болғым келеді. Жастарды кәсіпкерлікпен айналысу үшін белсенді болуға шақырамын. Қазір мемлекеттік қолдаудың көптеген түрлері бар, мысалы, «Бастау бизнес» бағдарламасы және тағы басқалары. Алайда, жастар гранттар туралы, қайда бару керегін білмейді. Салауатты өмір салты да өте маңызды», – дейді үміткер Жанат Кәкімов.⠀⠀
Жанат Кәкімов 19 жасында өзін бизнесмен және қоғам проблемаларына бей-жай қарамайтын белсенді студент ретінде көрсетті.⠀⠀⠀ «Nur Otan» СҚОФ жанындағы білім беру нысандарын жөндеу және салу жөніндегі мониторинг тобының мүшесі. Ол – «Jas Otan» MK белсендісі, ⠀ «Болашақ» КҚ директоры, «QAZBUKA» ЖШС директоры (грант бойынша гипс барельефтер өндірісі), М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенті. Мамандығы – қаржыгер.⠀⠀