Тимати миллион дизлайк жинаған бейнебаянын өшіріп тынбақ
Тимати миллион дизлайк жинаған бейнебаянын өшіріп тынбақ
131
оқылды

Танымал ресейлік рэпер Тимати Youtube желісінде миллион дизлайк жинаған «Москва» әніне түсірілген бейнебаянын өшіретінін хабарлады.

«Резонанс тудырған пікірлер негатив арқылы қабылданатынын білемін», - деген ол адамдарды себепсіз өзіне тартқысы келмейтінін алға тартып, бейнебаянды өшіру туралы шешім қабылдаған. Өзінің бейнебаяны арқылы ешкімді ренжіткісі келмегенін айтқан рэпер Мәскеуді не болса да сүйетінін жасырмады.

Ал бейнебаянның астында жазылған пікірлерде бейнебаянды көбі «тапсырыспен түсірілген» деп сөккен. Тимати және Guf ешқандай мэрден бейнебаян түсір үшін қаржылай көмек алмағандарын әрі шын жүректерінен елордасын туған күнімен құттықтамақ ниет болғанын айтып әлек.