Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатыны белгілі болды
Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатыны белгілі болды
© сурет интернеттен алынды
367
оқылды
Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында оқушылардың қалай демалатынын хабарлады. 2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, демалыс былай белгіленген:
  • 2020-21 оқу жылының басталуы - 1 қыркүйек 2020 жыл;
  • 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады.  2-11 (12) сыныптар - 34 апта.
Жаңа оқу жылындағы каникул кестесі: 1-11 (12) сыныптар:
  • күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша)
  • қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл
  • көктемгі каникул – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл).