Көпбалалы ана «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып, бағын сынамақ
Көпбалалы ана «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып, бағын сынамақ
123
оқылды
Көкшетаудағы «Ақай» сән үйінің жетекшісі, көпбалалы ана Ғалия Алдабергенова «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып, бағын сынамақшы. Партиялық іріктеудің жаңа форматы Қазақстан тарихында алғаш өтіп жатыр. Көкшетаудағы партияның белсенді мүшесі Ғалия Алдабергенова бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келеді. «Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда әйелдер кәсіпкерлігі, жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер беру туралы өткір мәселелерді көтеремін. Коронавирус  жағдайында шағын және орта бизнес үлкен қиындыққа тап болды, көбінесе әйелдер нақты қолдау шараларын қажет етеді», – дейді ол. Қазіргі уақытта тігін өнеркәсібі жақсы жағдайда емес, өйткені бірқатар факторлар оның құнына, сапасына және дамуына әсер етеді. «Басқа елдердің өндірушілерімен сөйлесіп, олардың тәжірибесін зерттей отырып, мен қазақстандық өнімнің қолжетімділігін арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және кадрлардың жетіспеушілігін жою үшін праймеризге қатуысуым керек екенін түсіндім. Мен Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеймін, бала тәрибелеп отырмын. Мен барлық баланың, отбасының кірісіне қарамай, сапалы медициналық қызмет алуға, спорт, музыкамен шұғылдануға, қызығушылық танытатын басқа үйірмелерге баруға мүмкіндігі бар. Әр баланың дамуына қажетті дүниелер қолжетімді болу керек», – дейді кәсіпкер. Бір кездері бизнеске деген байыпты көзқарас Ғалия Серікқызына өзінің  ательесін ашуға капитал тартуға мүмкіндік берді. Жиырма жылдан астам уақыт бұрын Ғалия Алдабергенова бизнесте алғашқы қадамын жасап, тігін бұйымдарына жеке тапсырыс қабылдады. Қазір іскер әйелдің  20 адам жұмыс істейтін  жеке сән үйі бар. Ғ. Алдабергенова сонымен қатар колледждермен де серіктес.