Сөздің емес, нақты істің адамы болғым келеді – Мәнсия Есекеева
Сөздің емес, нақты істің адамы болғым келеді – Мәнсия Есекеева
350
оқылды
Жеті жылдан бері  жастар саясаты, волонтерлік және қоғамдық қызмет салаларында  жұмыс істеп келе жатқан көкшетаулық Мәнсия Есекеева елімізде тұңғыш рет  жаңа форматта өтетін праймеризге жастар атынан қатысу үшін құжаттарын  тапсырып үлгерді.  Жастарға арнайы квота берілгендіктен, ол мүмкіндікті жіберіп алғысы келмеген.  «Праймеризге қатысу үлкен жауапкершілікті талап етеді, соған қарамастан, жас та болсақ, көненің көзін дәріптейтін, салт- дәстүрді насихаттайтын ұрпақпыз. Елбасы  Н.Назарбаевтың «Бүгінгі күн талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастар уақыты» деген ұлағатты сөзі бар, мен бар күш-жігерімді салуға, елім үшін аянбай қызмет етуге, білмегенімді білуге,  білгеніммен бөлісуге дайынмын, праймеризге қатысып ел үшін қызмет етемін»,  – дейді Мәнсия Есекеева. Осы уақытқа дейін Ақмола облысы бойынша 374 адам праймеризге қатысуға өтініш білдірді.