Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
om-saratov.ru
87
оқылды
19 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.  Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Қарағанды қ.: 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 19 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 18 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қ.: күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 19 тамызда күндіз Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. 19 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ.: күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 19 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 19 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.