Бүгін елордада Маминнің қатысуымен өткен үкімет отырысында халықты жұмыспен қамтудағы қолдау шаралары қаралды. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатындағы қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Оның айтуынша, биыл 1 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлады Strategy2050.kz. Біржан Нұрымбетовтың мәліметінше, еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламаның әлеуетін ескере отырып, биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған. Бүгінге дейін 743 мың адам сол шараларға тартылған.
«Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасына 379 мың адам қастысуға ниет білдірді. Оларға шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 5 мың 800 жеңілдетілген несие және 17 мың 200 қайтарымсыз тегін грант берілді. Мемлекет тарапынан жалақысы субсидияланатын жұмыс орындарына 156 мың адам тартылған», - деді министр.Қысқа мерзімді оқытумен кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша 20 мыңнан астам ҰБТ-дан өтпеген мектеп түлегі жұмысшы мамандықтар бойынша «тегін техникалық кәсіптік оқуға» жіберілетін болады. Жұмыспен қамту орталықтары ашық вакансияларға берген жолдамалары бойынша, 130 мың адамға жұмыс тауып берді. «Еңбек» бағдарламасының аймақтардағы жүзеге асуы 5 мың 800 шағын несие алған азамат қосымша 6 151 тұрақты жұмыс орнын ашты. Шағын несиелеу жұмыстарында Шығыс-Қазақстан, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы жақсы көрсеткіштерге ие. Ал Батыс Қазақстан облысында белсенділік таныту қажет. 17 мыңнан астам берілген гранттың 51 пайызы аз қамтылған, көпбалалы жанұядағы жұмыссыздарға бағытталды. Бұл бағытта Жамбыл облысы жылдық жоспарға қол жеткізуге жақындады, ал Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында 80 пайыздан астам орындалуда. Министрдің сөзінше, Қызылорда облысында гранттар беру қарқыны әлі төмендеу. Жалақысы мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарын (әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар) құру және оған жұмыссыздарды, жас түлектерді тарту шаралары жалпы жақсы деңгейге іске асуда. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша қандай жобалар іске асып жатыр «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 6 мың 400 жүздей жоба іске асырылуда. Тамыз айын қоса 552 млрд теңге қаржыландырылды, бүгінге оның 71,5 пайызы игеріліп отыр. Жобаларда 154 мың адам жұмыс істеп жатыр: - 73 пайызы - ауылды елдімекендерде - 37 пайызы - жұмыссыз жүрген жастар - 17 пайызы – кешегі бейресми жұмыспен айналысып жүрген азаматтар - 9 пайызы – аз қамтылған отбасы мүшелері Құрылыс, және жөндеу жұмыстарында 90 пайыздан кем емес ұлттық кәсіпорындарының тартылу талабы сақталып отыр.
«Қазіргі жағдайға баға беретін болсақ, жұмысқа тартылған 154 мың адамға 75 млрд-қа жуық қаражат еңбекақы мақсаттарына жұмсалды, отбасы мүшелерімен қосқанда 600 мыңнан астам адамға табыс көзі қамтамасыз етілді», - деді министр.Орташа жалақы - 130 мың теңге. Жобаларға қатысқан бизнес субъектілері 370 млрд теңгеге тапсырыс алды, және әкімдермен бірлесе бағалау бойынша, 19 мыңға жуық орта-шағын бизнес өкілі мердігер, құрылыс материалдарын сатушы ретінде қатысып, кемінде 114 мың өз жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік алды. Өңірлерге қатысты ақпараттық жүйе негізінде мониторинг бойынша Шығыс-Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында жоспарланған жұмыс орындарына халықты тартуда жоғары көрсеткіштерге ие. Өз кезегінде, Түркістан және Алматы облыстарында жоспарланған жұмыс орындарын ашумен халықты тарту бойынша жұмысты белсенді ету қажет. «Жол картасын» қаржыландырудың тамыз айындағы жоспары бойынша, өткен аптада 240 млрд теңге бөлінді. «Жұмыспен қамту жол картасының» әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері Жаңадан соғылатын 683 нысан болашақта өңірлерде әлеуметтік актив ретінде халыққа қызмет ететін болады. Оның ішінде білім беру саласындағы жаңа 80 құрылыс – апаттық, үш-маусымды мектеп, ауылда білім алуға қолжетімділік мәселелерін шешумен бірге, педагогтарымызға 10 мың жаңа тұрақты жұмыс орынын ашуға мүмкіндік бермек. Денсаулық, мәдениет, спорт, туризм саласындағы жаңа 60 құрылыс жобасы 20 мың тұрақты жұмыс орынын құрады. 153 су шаруашылық нысан құрылысы мен жаңғыртуы – суармалы, жайылым жерлер көлемін едәуір арттырып, ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орындарын бермек. 400 жуық коммуналдық шаруашалық нысаны, 8 мың км-ден астам калалық, ауылдық жолдар, 900 елдімекенді абаттандыру – әкімдердің халықпен кездесу кезінде тұрғындардың көтерген мәселелерін шешуге және халықтын өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жол картасы қаражатын пайдалана отырып, короновирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық емхана құрылысы жүргізілетін болады. Өз кезегінде, қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Жалпы, Жол картасының жобалары 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек. Экономикада жаңа жұмыс орындарының құрылуы Жыл басында әкімдермен жасалған меморандумдар бойынша өңірлерде биыл 431,5 мың жұмыс орны құрылуы тиіс. Ресми ведомстволық статистика бойынша, 7 айда 300 207 жұмыс орны құрылған: - 149 мыңы – тұрақты жұмыс орыны - 135 мыңы - ауылда Солтүстік - Қазақстан және Маңғыстау, Қызылорда облыстарда тұрақты жұмыс орын үлесі 70 пайызға артса, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында керісінше уақытша жұмыс орындарының үлесі басым.