Алматыда процессинг орталығының бастығы қамауға алынғаннан кейін, төрт полиция басшысы қызметінен босатылды.
«Қамауға алынған процессинг орталығының басшысы туралы айтуға құқығым жоқ, өйткені тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жүргізуде. Иә, біздің қызметкерлер ұсталды, тәртіптік комиссия құрылды. Төрт басшы қызметінен босатылды. Осы сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша біз жұмыстар жүргіземіз»,– деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Тимемерденов брифингте.Сонымен қатар ол полициядағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың барлығы мұқият тексерілетінін айтты.