Жамбылда 16 жасөспірімді заңсыз жұмысқа жеккен
Жамбылда 16 жасөспірімді заңсыз жұмысқа жеккен
120
оқылды
Тараз қалалық прокуратурасы осындай ауқымды бастама көтеріп, Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясымен бірлесе күндізгі рейд жұмыстарын күшейтті. Тексеріс тобы рейд барысында қала аумағында жұмыс берушінің кәмелетке толмаған балаларды еңбек шартын жасаспастан жұмысқа алу фактілерін зерделеді. Нәтижесінде 13 нысанда кәмелет жасқа толмаған 16 жасөспірім заңсыз жұмыс істеп жатқаны анықталып, ӘҚБтК-тің 86-бабының 3 бөлігіне сәйкес, жұмыс берушілердің әкімшілік жауапкершілігін қарастыру туралы ұсыным әзірленді.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы.