42 500 теңгені төлеу жалғаса ма?
42 500 теңгені төлеу жалғаса ма?
© сурет интернеттен алынды
150
оқылды
Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов жұмысы уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындардың қызметкерлеріне 42 500 теңге беру мәселесіне қатысты сауалға жауап берді. Оның айтуынша, 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмеек төтенше жағдай мен карантин кезінде төленді.
«Қазір карантин режимін жеңілдету жүріп жатыр. Кәсіпкерлердің кейбірі жеңілдетілген тәртіпте жұмысын бастап кетті. Менің білуімше, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, күрделі жағдайға тап болған кәсіпорындарға қолдау жасауды қарастырады. Сондықтан 42 500 теңге төленбейді. Жұмысы уақытша шектелген кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шаралары пысықталып жатыр», - деді ол.