Олар Бейрут, Боуар, Машгар және Сайда қалаларының медициналық мекемелерінде науқастарға медициналық көмек көрсетеді, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Алғашқы жұмыс күнінен бастап Қазақстанның әскери дәрігерлері жүздеген Ливан азаматтарына медициналық көмек көрсетті. Қазақстандық мамандардың медициналық көмек көрсетуі Ливан дәрігерлерімен бірге әскери госпиталь мен муниципалдық ауруханалардың базасында жүзеге асырылады.
Өтініш білдіргендердің арасында аммиак селитрасының детонациясы нәтижесінде жарылыс толқыны әсер ететін аймақта болғандар бар. Қазақстандық дәрігерлер хирургиялық, травматологиялық және терапевтік пациенттерді емдеуге жұмылдырылды. Біздің дәрігерлер реанимация және анестезиология бөлімшелерінің жұмысына, эндопротездеу сияқты жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, операциялық араласулар жүргізуге белсенді қатысады. Сонымен қатар, әскери дәрігерлер амбулаториялық науқастарға көмек көрсету және қабылдау бойынша медициналық пункттің жұмысын ұйымдастырды.
Қазақстандық дәрігерлердің жұмысы елдегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған.
«Мен Ливанның оңтүстігіндегі Бейрутта тұрамын. Осы қиын-қыстау кезеңде Қазақстан басшылығына және әскери дәрігерлерге менің халқыма және балаларыма көмек көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Ливанға қош келдіңіз!»,- деді науқастардың бірі Фади Эхри.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Ливанда арнайы мақсаттағы қазақстандық әскери-медициналық жасақ жұмыс істеп жатыр.