Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тарапынан қажетті деген мамандықтарға қосымша тағы да
943 грант бөлінді.
⠀
Педагогикалық бағытта «Астана халықаралық университетіне» 485 грант бөлінді. Оқуға түсу үшін 20 тамызға дейін құжаттарды тапсыруға болады. Сонымен қатар WWW.AIU.KZ сайты арқылы онлайн тапсыра аласыз.
Мынадай құжаттар тапсыру керек:
⠀
1. ҰБТ сертификаты (70 балдан кем болмауы тиіс);
2. Аттестатың түп нұсқасы (оригинал);
3. Төл құжаттың көшірмесі;
4. 18 жасқа толмаған болсаңыз, ата-анаңыздың бірінің төл құжатының көшірмесі және өзіңіздің туу туралы куәлігіңіз;
5. Жігіттерге - әскери құжат (Приписной билет);
6. 3х4 фото (6 дана);
7. Әлеуметтік құжаттар болған жағдайда (көп балалы, аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін және мүмкіндігі шектеулі, балалар үйінен шыққан жастар үшін).
⠀
Сұрақтар бойынша телефон номер: 8 (7172) 24-04-03
⠀
Медицина бағытында «Астана халықаралық университетіне» резидентура бөліміне 293 грант бөлінді.
⠀
Діни бағытта «Нұр-Мүбарак Египет ислем мәдениеті университетіне» 15 грант бөлінді.
⠀
Өтініштер 25 тамызға дейін қабылданады. Сұрақтар бойынша телефон номер: 8 747 777-84-37 / 8 (727) 385-58-25, 302-09-30.
⠀
150 әлеуметтік (шәкіртақысыз/степендиясыз) грант бөлінді.
⠀
Келесі топтағы жастар өтінім бере алады:
➢ Мүмкіндігі шектеулі жастар;
➢ Жетімдер;
➢ Балалар үйінің түлектері;
➢ Ата ананың қарауынсыз қалған жастар;
➢ Көп балалы отбасыдан шыққан жастар (4 бала және оданда көп);
⠀
20 тамызға дейін құжаттарды «egov.kz» сайты арқылы тапсыруға болады.
1. ҰБТ сертификаты;
2. Аттестатың немесе мектепті біргендігі туралы дипломның түп нұсқасы (оригинал);
3. Төл құжаттың көшірмесі;
4. Туу туралы куәлік;
5. 3х4 фото (6 дана);
6. Мүгедектігін растайтын құжат;
7. Ата-анасы қайтыс болғандығын растайтын құжат.
⠀
Әлеуметтік гранттар келесі мамандықтар бойынша беріледі: Бастауыш, Әлеуметтік қызмет, Жалпы медицина, Дизайн, Архитектура, Құқық негіздері, Тіс дәрігері, Менеджмент т.б.
Сұрақтар бойынша телефон номер: 8 (7172) 55-72-32 бойынша хабарласуға болады.
⠀
Өтінім берушінің әр отбасы мүшелерінің айлық еңбек табысы 137 104 теңгеден аспауы керек!