Зайсандағы зираттан жер қоршап алыпты

Зайсандағы зираттан жер қоршап алыпты

«Бізге бірнеше адамнан арыз түсті. Осы жерге топ мүшелері, қала әкімі, оның орын­басары және мешіт имамы бастап, 5 адам болып, келіп тұрмыз. Шынымен, ұзындығы 25 метр, ені 4 метр жерді қоршап алған. Ішінде бір кісі ғана жерленген, қалған жер бос. Өлшемі басқа зират­тармен салыстырғанда әлде­қайда үлкен. Бұл істің қан­шалықты заңды немесе заңсыз екенін білу мақсатында келіп тұрмыз», – дейді Мәуілхан Сағатбек. 

Бұл мәселеге байланысты Зайсан аудандық ішкі саясат басқармасы тү­сініктеме берген екен. Олардың айтуынша, «бір азамат зираттағы жерді заңсыз қоршап алған. Бұл жұрттың таңданысын туғызды. Әлеу­меттік желіде хабар тараған соң, қала әкімі жерді барып көрді. Барса, зират ішіндегі жер қоршалып тұр. Кейін осы жердің иесін тапты. Ол 2000 жылдары Қытайдан көшіп келген қандасымыз екені анықталды. Ол ешкімнен сұра­май, зираттағы жерді өз еркімен қоршап алыпты», – дейді.

Қазір жерді қоршап алған адам халықтан кешірім сұрап, қайтарып беріпті.

 

Ж. НҰРЛАНҰЛЫ

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.