Садақа жәшігін жымқырған

Садақа жәшігін жымқырған

Кесене ішіндегі садақа жәшігінің құлпы бұзыл­ғанын және ішіндегі қаражаттың қолды болғанын анықтаған азамат аудан орталығындағы туысына хабар беріп, кесене маңында жүргені, күдік тудыр­ған әйелді алып келген автокөлікке тән белгілерді айтқан. – Кесенедегі садақа жәшігінің қолды болғаны туралы хабар түсті. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның жақын ауылдардың бірінің тұрғы­ны екені анықталды. Күдіктіден қолды болған қаражат тәркіленді. Аталған дерек бойынша  Қыл­мыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы Асхан Тегенбаев. Оның айтуынша, тергеу барысында күдікті бұған дейін кесенеге келіп, қаржы салынған жәшік­тің еш бақылаусыз тұрғанына көз жеткізгені белгілі болды. Келесі жолы дайындық­пен келген әйел жәшіктің құлпын бұзып, ішіндегі қаражатты алып кеткен. Жауапты тұлғаның мұқияттылығы дінге де, заңға да қайшы жымысқы әрекетті тоқтатып, қылмысты шұғыл ашуға сеп­тігін тигізді. Күдікті әйел мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Оның бұдан өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріледі.  

Тұмар МЫРЗА